• Бизнес & Қоғам
  • 16 Мамыр, 2013

Маңызы зор құжат

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен терезесін теңестіріп, иығын тірестірген болашағы кемел елге айналды. Елбасымен  халықтың қол жеткізген жеңісімен жемісі-әлем назарында. Ал осы жетістікке жетудің кепілі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы. 

Жуырда әлемнің саяси кеңістігі Елбасының «Қазақ­стан-2050 Стратегиясы-қалыптасқан мемлекет­тің жаңа саяси бағыты» атты жолдауына көз тікті. Тарихи құжатта елдің өткенімен бүгіні туралы сөз қозғалып, алдағы уақытта даму бағытымыз айқындалды. Нұрсұлтан Әбішұлы айтып өткендей, 2050 жылы Тәуелсіз еліміз дүниежүзіндегі экономикасы дамыған 30 елдің қатарына қосылмақ. Себебі, осы жетістікке жетуге барлық жағдай жасалған. 
Мектеп қабырғасында оқып жүргенде біз үшін «Қазақстан-2030» даму стратегиясында көрсетілген міндеттер биік асулар, қол жетпес белестер ретінде көрінген. Бүгінде біз оның басым бөлігін мерзімінен бұрын орындап отырмыз. Сондықтан, 2050 жылға дейінгі бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігі жоғары маңызға ие.
Президент ол құжаттың негізгі тетіктерін жастарға ерекше ілтипатпен жеткізді. Сондықтан қазақ жастары аталған бағдарламада көрсетілген негізгі мақсат-міндеттерді жете түсінуі тиіс. Ендігі міндет-Елбасы жүктеген міндеттерді орындау мақсатында жұмыла еңбек ету басты міндет болып отыр.
Әлемді аузына қаратқан елдердегі дағдарыс қазіргі күні одан әрі күрделеніп, кейбір мемлекеттерде әлеуметтік қарама-қайшылықтар туындап жатқанын кө­ріп те естіп те жүрміз. Ел тұрғындарының алдында тұр­ған бүгінгі басты мақсат-тәуелсіздік алған жылдар­­дан бері қол жеткізген игіліктерді одан әрі ұлғайтып, келешек ұрпақтың өмір сүруіне қолайлы жағдай тудыру.  Көреген Елбасымыз осының барлығын өз жолдауында нақты түрде атап көрсетті. Қазақстан халқы біртұтас бола отырып, келешекке бағытталған міндеттерді ынтымақтаса шешетініне сенім біілдірді. Бұл жұмыстарға елде тұратын өз қандастарымызды да жұмылдыруға күш саламын. Себебі, мен үшін елдегі тұрақтылық, татулық, бірлік аса қымбат. Осы құндылықтарды лайықты қастерлеп, сақтай білу-барлығымыз үшін ортақ парыз, деді. Ендеше Жолдауды жүзеге асырудың тетіктері де осы қоғамдық келісімнен бастау алуы керек. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2050 жылға дейін медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға, қызмет түрлерінің бірыңғай стандарттарын енгізуге, емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына баса назар аударды. Негізгі басымдықтарды да атап көрсе­тіп берді. Денсаулық саласының қызметкерлері алдағы уақытта өз жұмыстарын аталмыш Стратегия қағидаларына негіздей отырып жүзеге асыратыны анық. Келешекте іске асатын жаңа саяси бағыттың кез келген қазақстандықтың көңілінен шыққаны дау­сыз. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттары, жастарға зор сенімнің артылуы алдымызға үлкен міндеттер жүктейді. Мәселелердің үлкен бөлігі жастарға арналуы заңды да. Жастар-қоғамның қозғаушы күші. Мемлекет басшысы әрбір тапсырманы нақтылай отырып, оны жүзеге асыру жолдарын да айқындап берді. Жолдау жүктеген міндеттер ел халқының бірлесе қимылдауымен, еселі еңбектенуімен орындалатыны айқын. Биылғы Жолдаудың маңызы айрықша зор. Ерекшелігі сол, мемлекет басшысы онда ел халқының алдында 2050 жылға дейін жүзеге асырылатын стратегиялық бағыттарды жариялады. Алдағы 38 жыл ішінде өміршең етілуге тиіс нақты тапсырмалар мен міндеттердің тұтастай бағдарламасы мемлекет үшін әрі қарай дамудың негізгі кілті болып табылады. Келешектегі кешенді іс-қимылдардың барлығы егжей-тегжейлі көрсетілді. Маңызы зор құжатта адам – мемлекеттің басты құндылығы деп аталды. Ел азаматтарына деген қамқорлық, олардың әл-ауқатын арттыру, тұрғындар үшін жаңадан игіліктер жасау, тағы да басқа әлдеқайда тиімді тетіктер қарастыру-жолдау жүктеген негізгі міндеттер. Қоғамдағы әйел азаматтар – аналарымызды қорғау да әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі болып саналатыны айтылды. Жаңа әлеуметтік қағидаттарына сүйене отырып, кедейшіліктің өсуіне жол бермеу тапсырылды.
Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 14 желтоқсан 2012 жылғы «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына арналған жолдауы Темір ауданының Әділет басқармасымен аудан көлемінде кеңінен насихатталуда. Жолдауды халық арасында насихаттау мақсатында басқармамен үстіміздегі жыл басынан бастап 10 дәрістер оқылды, 6 семинарлық сабақтар өткізілді және 4 мақала жарық көрді.  

А.Ерекенов,
Ақтөбе облысы Темір ауданының әділет басқармасының басшысы

394 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы