• Бизнес & Қоғам
  • 16 Мамыр, 2013

Аймақтың абыройлы кәсіпорыны

Екі жыл бұрын Ақмола облысында салтанатты түрде ашылған «Родина» агрофирмасы» ЖШС бүгінде сапалы сүт өнімдерін шығарумен аты шыққан беделді кәсіпорын. Еліміздің 2010-2014 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жұмысы тоқтап қалған өнеркәсіп ошақтарына қолдау көрсетіліп жатқандығы баршамызға мәлім. Осы тұста, Индустрияландыру картасына енген бұл жобаның құрылысы мемлекеттік-жеке әріптестік қарым-қатынастар негізінде жүзеге асырылды.   

«ҚазАгро» ұлттық холдингі» компаниясы елдімекендерді дамытуға бағытталған ауқымды инвестициялық жобалардың бірі екенін ескерсек, аталмыш холдинг бұл жобаның жүзеге асуына 422,1миллион теңге қаржы бөлген. Жаңа кәсіпорында тәулігіне 3 мың тоннаға жуық сүт қайта өңдеуден өтеді. Заманауи құрылғылармен жабдықталған зауытта ірімшік, айран мен қаймақ, сары май сияқты сүт өнімдерінің жетіден астам түрі өндіріледі. Мұнда тәулігіне 50 мың тонна сүт өндіріліп, алынған экологиялық таза өнімдер Астана қаласының сауда нүктелеріне жөнелтіледі. Қазіргі таңда «Родина» шаруашылығында өндірілген сүт өнімдеріне Астана тұрғындары тарапынан сұраныс жоғары. Бүгінде агро­фирманың тауарлы-сүт фермасында 1 мыңнан астам сауын сиыры бағымға алынған. Жобаның жаңадан жүзеге асырылуына байланысты шаруашылықта қосымша 30 жұмыс орны ашылып, жұмыссыз жүрген азаматтар тұрақты қызметтеріне кірісті. 

Мақпал САҒЫНДЫҚ

486 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы