• Бизнес & Қоғам
  • 01 Қыркүйек, 2011

Сүт фермалары да компьютерлендірілген Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Мемлекеттің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасы озық технологиямен жұмыс істеуді жолға қойған тағы бір жобаны іске қосты. Ол – жұмысы толық компьютерлендірілген сүт фермасы.

Қостанай облысының Сорочинка ауылында бой көтерген бұл ферманың құрылысы былтырғы жылы басталған болатын. Жобаны толыққанды жасақтап, іске қосуға барлығы 650 млн теңге жұмсалса, ол қаржының 450 миллионы «Қазагрофинанс» арқылы мемлекеттен, ал қалғаны шаруашылықтың өз қалтасынан шыққан. Бұл ақшаның бір бөлігі құрылысқа жұмсалып, енді бір бөлігіне Венгриядан 230 бас асыл тұқымды сүтті ірі қара сатылып алынды. «Ал олардың әрқайсы жылына 9 мың литрге дейін сүт береді», – дейді ферма қызметкерлері.

Замануи жабдықтармен жабдықталып, компьютерлендірілген бұл сүт фермасындағы жұмыс атқару жүйесі бұрынғыдан мүлде өзгеше екенін де айта кету керек. Демек мұнда әдеттегідей адам күші – қол еңбегінен гөрі техниканың үлес салмағы молырақ болмақ, яғни жұмыстың көбі дерлік жаңа техникаға жүктелген. Сауылған сүт сүзгіден өтіп арнайы ыдысқа құйылады. Сонда 4-5 градусқа дейін салқындатылады. Малға жем-су да автоматтандырылған құрылғылар арқылы дайындалып беріледі. Бұл туралы ой бөліскен техника тілін жақсы білетін маман жөндеуші-слесарь Николай Нелепин: «Фермадағы өндіріс үшін қол еңбегі емес, ой еңбегі маңызды. Себебі барлық жұмысты техника атқарады, адамның міндеті соның тілін тауып, үздіксіз қызметін қамтамасыз ету», – десе, ферманың бригадирі Наталья Семенко: «Сауын кезінде датчиктер сауылған сүттің көлемін көрсетіп тұрады. Сондай-ақ, әр сиырдың мойнында арнайы чиптер бар. Сол арқылы малдың денсаулығы үнемі бақылауда болады. Олардың ағзасындағы кез келген өзгерісті мал дәрігерлері орталық компьютер арқылы байқап, қажет жағдайында емдеу шараларын қолданады», – деп қызметтесінің ойын нақтылап, жұмыстың жай-жапсарымен таныстырып өтті.

«Егер мал басы көбейсе, өнімді өндіріп қана қоймай, өңдеуді де қолға аламыз. Арнайы тетропакеттерге құйылған сүт пен айран, тағы басқа да тауар түрлерін шығарамыз. Басты мақсат – шикізат өндіруші болып қана қалмау, өндіріс аясын кеңейту», – деген шаруашылық басшысы Алмас Әуезбеков ойға алған жоспарлар орындалып жатса, алдағы уақытта жұмыс орындарының да көбейе түсетіні мүмкін дегенді айтты. Себебі шаруашылық басшылары келешекте мал басын 800-ге дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Жоспар жүзеге асса, келешекте шағын ферма кластерлік жүйемен жұмыс істейтін ірі кәсіпорынға айналмақ. Ал бүгінгі күні фермада 35 адам тұрақты еңбек етеді.

780 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы