• Бизнес & Қоғам
  • 13 Қазан, 2011

Жанармай бағасы қайтсе тұрақтанады?

Бензин бағасы қашанға дейін құбылмақ, елдегі бензин тапшылығын жою жолында қандай жұмыстар жасалуда, ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен қашан толыққанды қамтамасыз ете аламыз?

Хайдаргалиев Батыр Ахметұлы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Маркетингтік талдау департаментінің директоры:

Павлодар мұнай-химия зауыты ағымдағы жылғы маусым айының аяғында қондырғаларды жоспарлы жөндеуден өткізу үшін тоқтатылған болатын, шілде айының 25-інде ол қайтадан іске қосылды. Қазір зауыт ішкі нарықтағы жанар-жағар май тапшылығы бойынша қалыптасқан жағдайды тұрақтандыру мақсатында бар қуатты мүмкіндігінше пайдаланып жұмыс жасауда.

Жанғабылов Рахымжан Жәдікбайұлы, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Мұнай өңдеуді және мұнай-химияны дамыту департаментінің директоры:

Қазіргі уақытта елімізде мұнайды өңдеудің орташа тереңдігі 68 пайызды құрайды, өндірілген өнім Евро 2 экологиялық стандартқа сай. Қазақстанның мұнай саласына тиісті назар аударып, мұнай өңдеу зауыттарын қайта құру және модернизациялау жобаларын жүзеге асыра отырып, қажетті қаржы бөлсек, отандық мұнай өңдеу зауыттарының орташа өнімі әлемдік көрсеткіш деңгейіне – 10,2 пайызға дейін өсер еді. Онда мұнайды өңдеудің тереңділігі 90% жетіп, жанармай сапасы Еуро-5 стандартына лайық деңгейге көтеріледі. Сондай-ақ ішкі рынокты сапалы мұнай өнімдерімен толық қастамасыз ету мүмкіндігіне қол жеткіземіз.

Қазақстандағы мұнай өңдейтін зауыттардың географиялық орналасу жағдайы мен олардың технологиялық жарақтандырылуының төмендігіне байланысты қазіргі уақытта елде жоғары октанды бензин (шамамен 40%) және авиакеросин өндіру (шамамен 20%) мүмкіндігі шектеліп отыр. Дегенмен республикамыздың 2010-2014 жылдарға индустриалды-инновациялық қарқынды даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қазақстандық мұнай өңдеу және мұнай-химиялық өндірістерді жаңғырту, қайта құру, модернизациялау жобаларымен белсенді жұмыс атқарып жатыр. Сондай-ақ бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстардың негізгі бөлімі 2012-2015 жылдарға қарастырылған.

Бір ғана Атырау мұнай өңдеу зауытында «Хош иісті көмірсутек өндірісі кешені (1 кезең) және мұнайды терең өңдеу кешені (2 кезең) құрылыстары» атты екі жоба қолға алынып, бүгінде жүзеге асырылуда.

«Хош иісті көмірсутек өндірісі кешенінің құрылысы» жобасы бойынша қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыстың бас мердігері – Қытайдың «Sinopec Engineering» компаниясы. Кешен 2013 жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Ал мұнайды терең өңдеу кешені жұмысы бойынша жобалық-сметалық құжаттауды дайындау мәселесі аяқталып келеді. Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстарының келісім-шарттары жасалып, ал 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығына кешенді пайдалануға беру жоспарланған.

731 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы