• Бизнес & Қоғам
  • 13 Маусым, 2013

Талабыңа нұр жаусын, талапкер!

Алматы қаласында орналасқан «Экономика және басқару академиясы – Еуразия нарық институты» студенттерді оқуға қабылдайтындығын хабарлайды.  «Қазақстан-2050» стратегиясына сай, инновациялық экономикада «мамандандырылған»  шағын Жоғары оқу орындарының, соның ішінде сапалы кадрларды даралап,  даярлайтын ЭБА-ЕНИ-нің  рөлі артуы тиіс. Сондықтан төменде аталмыш білім ордасындағы мамандықтар мен солардан жіктелетін мамандандырулар туралы мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.

Мамандықтар мен жіктелетін мамандандырулар:
Экономика: кәсіпорындық пен ұйымдық өндіріс - индустрия, агросектор, құрылыс, көлік, тауар-ақша айналымы, сауда мен туризмдегі салалық; өлкелік; ұлттық; әлемдік. 
Менеджмент: стратегиялық, өндірістік, қаржылық, инновациялық, инвестициялық, инфрақұрылымдық, туристік; әлеуметтік-мәдени өрістік.      
Есеп және аудит: барша кәсіпорындар мен ұйымдарда.
Қаржы: кәсіпорындар, ұйымдар, салалар мен өлкелер, меморгандар, компаниялар, АҚ, ЖШС, түрлі тауар өндірушілердің пайдасынан, салық-қазыналық, сақтандыру -бағалау арқылы ҚР мембюджетіне түсіп, қоғам дамуын қаржыландыру, несиелендіру, инвестициялау, алтын-валюталық резервтер мен жинақталған байлықты оң пайдалану.   
Мемлекеттік және жергілікті басқару істері.  
Маркетинг: өндіріс, бөлістіру, айналым, логистика, тасымалдау мен сыртқы саудада сату мен сатып алу арқылы қоғамның қарқымен тиімді дамуын қамтамасыз ету.  
Ақпараттық жүйелер: экономикада, кәсіпкерлікте, басқаруда.
Аталған негізгі мамандықтардан әлі өрісі тар болса да,  жаңадан бөлінген «Әлемдік экономика», «Статистика», «Бағалау», «Логистика», «Туризм», «Мейрамханалық іс және мейманханалық бизнес»  мамандықтарына да кең жол ашылған. 
Магистратура, соның ішінде «MBA» - іскерлі әкімшіліктен магистр/мастер-шеберлікті экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг  мамандықтары бойынша; 
Оқу мерзімі 1-1,5-2-3-4 жыл, түрлері-күндізгі, кешкі, ал сыртқысы  қашықтағы түрімен ұласқан, орыс, қазақ және үлесімді мөлшерде ағылшын тілдерінде өткізіледі. 
Барлық тізбектелген мамандықтардан озық қаржы-экономикалық колледжіміз де сапалы мамандар даярлауда. 
Қос дипломдық бағдарламалар - Лондон,  Мәскеу ЖОО-мен. 
Студенттерді ҚР Білім және ғылым министрлігінің  типтік ережелері бойынша қабылдау:
Оқуға түсушілер ҰБТ/КТ мен мемгранттар конкурсына қатысу үшін өтініштерінде ЭБА-ЕНИ-ің коды -“062” белгілеуі  тиіс. 
Студенттерді тіркеу тізіміне: 1) ЖОО дипломдарына иелер; 2) ҚР олимпиадаларының жүлдегерлері мен мемгранттардың иегерлері; 3) мемсертификаттарында 50 балдан басымы, соның ішінде бейімдік математикадан >7, әрбірі >4 тіл, тарих және жағрафия, ал физикадан-тек Ақпараттық жүйе мамандығына; 4) ауысушылар; 5) оқуды үзілістен соң жалғастырушылар енгізіледі. 
Білім беруден ақылы қызмет көрсету келісімшартында студенттермен өзара міндеттемелерімізді орындауға тиістігіміз сапалы мамандарды даярлауға бейімделген.   
Оқу ақысы  мемгрантпен әрбір білім алушыға жылдық шығындарға тең. Демеушілер бізбен келісімшартта өзіне даярланатын мамандарға шығынын салық алынатын табысынан шегеруге құқықты. Өзіміздің 100-ден аса гранттарымыз 10-15-20-25-30-35 пайыз жеңілдіктер ретінде оқу-үздіктері мен өте мұқтаждарына беріледі. Тағы 10-20 пайыз жеңілдіктерге ата-аналары алдын-ала банкке арнап, балалары білім алуға қаржы жинастыру мемжүйесінде жете алады. 

Сапалы даярланған мамандардың қажеттігін табудағы ЭБА-ЕНИ-нің жетістіктері

Шағын ЭБА-ЕНИ 20 жылда даярлаған >7740 мамандары еліміздің, ал қалғаны АҚШ, ЕО, РФ, ҚХР-та қажеттігін жақсы тауып, қызметте өсіп, менеджерлер тобына енуде. 
ЭБА-ЕНИ-нің ілгері ұмтылған түлектері бизнес пен мемжүйеде, Үкімет пен Парламентте жақсы өсуде. Тіпті, Нью-Йорк, Хьюстон, Сан-Диего, Торонто, Лондон, Лидс, Вена, Варшава, Прага, Пекин, Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы  мегаполистарында сапалы даярланып, қажеттілігі мен әлемдік бәсекеге қабілеттілігін анық көрсетулері біз үшін зор қуаныш. 
ЭБА-ЕНИ 7-10 жылдың ішінде еліміздің жетекші ЖОО-ның Бас рейтинтеріне енген. Женевада Алтын Медаль, Парижде «Алтын Сертификат», Оксфордта – «Еuropean Quality», Мәскеуде - «Ұлттық Экономиканың үздігі» Цюрихте – «Халықаралық сапа сертификатына»  иегер болған,  Англияда аккредитациядан өткен: www.abeuk.com. Озық тәжірибесі үшін «Еуропа сыйлығы 2012» жүлдесіне иелік еткен. www.esqr.org. 
ҚР Білім және ғылым министрлігнің ҰАО 12 жылғы 75 озық ЖОО рейтингінде өз мамандықтарынан ЭБА-ЕНИ жақсы орындарда: «Экономика» - 39, «Менеджмент» - 18, «Есеп&аудит» - 31, «Қаржы» - 23, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» - 13, «Маркетинг» - 6, «Ақпараттық жүйелер» - 13; http://www.nac.edu.kz.  Әлемдегі 200 елден акредитацияланған 11 мың  колледждер мен университеттердің танымал веб-сайттары бойынша 12 жылғы көрсеткішінде  ҚР-нан енген 94 озық ЖОО-лар  арасында ЭБА-ЕНИ ұтымды 37, ал жеке меншіктегілерінен 10-дық топтағы 7 - орында: http://forbes.kz/stats/gaudeamus_igitur/.
Еуропа Бизнес Ассамблеясы ЭБА-ЕНИ-і ҚР-дағы «озық университеттердің бірі»- деп, оған сертификат пен 05.04.13 - 05.04.18 жыл аралығына дейін лицензия берілген. Олардың көшірмесі біздің веб-сайтта: www.eurazir.kz. Аталмыш білім ордасының мекен-жайы: 050042, Алматы қаласы, Қ.Рысқұлбеков к. 39-А.  
ЭБА-ЕНИ-нің қабылдау комис­сия­сының байланыс телефондары: + 7 727-309- 64 -33, 309-69-84.

583 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы