• Бизнес & Қоғам
  • 13 Маусым, 2013

Тәрбие – тал бесіктен

Отбасы ошағының ұйытқысы – әйел де балаларының  мұқтажсыз өмірін қамтамасыз ету үшін ерлермен бірге іскер болып кеткен. Сондықтан да атақты күтушілер Арина Родионовнаның, Мэри Поппинстің және Фрекен Боктың  қазіргі заманғы жолын қуушылар бүгінгі таңда жоқтың қасы. Бірақ баланы балабақшаға берген немесе күтуші жалдаған оңай ма? Жалпы, мектепке дейінгі білім беру  қызметкерлері – олар кімдер? Бұл сұрақтарға жауап ретінде «Демеу-Қыземшек» филиалының  «Самал» мектепке дейінгі балалар мекемесінің ұжымы туралы айтуға болады,  мұнда жақында «Ең үздік күтуші» сайысы өткізілді.

Мектепге дейінгі мекеменің сапалы педагогтық құрамы өз тәрбие­ле­нушілеріне жан-жақты қамқорлық көрсетуде. «Самал» МБМ балаларды оқыту мен тәрбиелеу Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпы білім беру стандартының «Қарлығаш», «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Осы жылдың 1 тоқсанында балабақша топтарында әр түрлі 14 ашық сабақ өткізілді. Атап айтқанда, ағылшын тілі бойынша мұғалімнің, музыка жетекшісінің, дене шынықтыру бойынша нұсқаушының және педагог-психологтың біріктірілген ашық сабақтары  өткізілді. Алайда мектепке дейінгі мекеменің педагогикалық құрамының жұмысы тәрбиешілер көмекшілерінің яғни күтушілердің еңбек­терімен қосқан үлесінсіз толыққанды болмайды. Күтушілер  тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруда көмекке келеді, барлық шынықтыру және гигиеналық процедураларды өткізу үшін қажеттінің бәрін дайындайды, тәрбиешіге балаларды серуенге алып шығуға және оларды топқа алып кіруге көмектеседі, сәбилерді түскі демалысқа дайындайды, тамақтандырады. Сонымен қатар, күтушілер тек таптырмас көмекшілер ғана емес, олар өте дарынды  да адамдар. Қыземшек кентіндегі жалғыз балабақшаның күтушілері арасында өткізілген сайыс өте жақсы өтуі содан болса керек. 
Дәстүр бойынша  шығармашылық жарыс сәлемдесуден басталып, көр­кемөнерпаздық өнерлерін  көрсетумен жалғасты. Күтушілер шығармашыл, әсерлі және нағыз өнерлі жандар ретінде өздерін таныта білді. Сәлемдесу бөлімінде олардың әрқайсысы өздері туралы айта отырып, ішкі жан дүниелерін ашты. Ал мектепке дейінгі мекеменің акт залы бұл сәтте ерекше сезімдерге бөленді. Орындалған билер мен әндер сайысқа қатысушылардың қиялын, актерлік шеберлігін және тамаша дайындығын көрсетті. Мысалы, Әйгерім Қайралапова бірегей испан биін орындады. Тәрбиешілер  көмекшілерінің балалармен күнделікті жұмыстарын көрсету - олардың өз істерін білетіндіктерін және өз істерін құрметтейтіндіктері. Сайыстың кулинарлық кезеңі барлығының көңілінен шықты. Ең қызықты дастарханды Меруерт Ахметова жасады. Барлық та­ғамдар бірегей безендіріліп, тағамдарды безендіру  балалар таңдауына қарай жасалды. 
Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орын Элеонора Далиеваға берілді. Екінші орынды Ақмарал Нәлібаева иеленді. Ал жеңімпаздар үштігін Меруерт Ахметова аяқтады. Барлық сайысқа қатысушылар бұл іс-шараға белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар алды. 

 «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС баспасөз қызметі

465 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы