• Бизнес & Қоғам
  • 27 Маусым, 2013

Қарағандыда жұмыс қарқынды

Еліміздің орталық аймағында биылғы жылы атқарылатын жұмыстар жетерлік. Әсіресе, аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев қазақстандық өнімдердің саны мен сапасына ерекше көңіл бөліп отыр. Мәселен, ағымдағы жылы ел игілігіне пайдаланылатын кәсіпорындардың саны артып қана қоймай, сапасы жағынан жоғары сұранысқа ие өнімдерді игеру көзделген.  

Үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндірісіне қажетті құбырлар Қарағанды облысында шығарыла бастайды. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қолға алынған жоба өз бағытымен жүзеге асуда. 

Қарағанды аймағында Индустриаландыру кар­­та­сына енген бірқатар жобалар қолға алынып жатыр. Солардың бірі «Сарыарқа» арнайы эконо­микалық аймағында «Бемер Арматура» ЖШС ұсын­ған «Шарлы крандар мен бекітпе арматуралар өндіретін зауыт құрылысының» жобасы. Жалпы құны 1 млрд теңгені құрайтын зауыттың өнімдері мұнай-газ өнеркәсібі мен жылумен қамтамасыз ету салаларында іске асырылады деп күтілуде. Биылғы жылы пайдаланылуға берілетін зауытта 139 жұмыс орны құрылатын болады. 
Индустриаландыру картасына «Құбырларды оқшаулайтын зауыт құрылысы» жобасы да кіріп отыр. Аталған жобаны «Изоплюс Центральная Азия» компаниясы «Сарыарқа» ЕЭА жүзеге асырады. Бұл зауыттың жобасы 1,5 млрд теңгені құрап отыр. Аталмыш жоба жылу жүйелері мен еліміздің мұнай өндірісіне арналған сапалы болат құбырларды шығаруды жоспарлап отыр. Жылына 4 мың метр болат құбыр шығаратын зауыт биылғы жылы іске қосылмақшы. Нәтижесінде 50 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде.  
Комбикорм зауытын жаңғыртуды көздейтін жоба «Қарағанды ұн комбинаты» ЖШС-нің ұсынысы бойынша іске аспақ. Алдағы уақытта зауыт үй құстары мен ауыл шаруашылығы малдарына арналған жем-шөптің 20 түрінің 40 мың тоннаға дейінгі көлемін шығаратын болады. Айта кетерлігі, жоба жүзеге асырылған жағдайда өнім сапасы артып, өзіндік құны да айтарлықтай төмендейтін болады. Биылғы жылы іске қосылатын зауытта 12 жұмыс орны құрылмақ. Жобаның жалпы құны 600 млн теңгені құрап отыр.
Жобалық құны бекітіліп, жүзеге асуы көзделген отандық зауыттардан қазақстандықтар сапалы өнім күтері анық. Алдағы күндері қазақстандық шикізат өнеркәсібіндегі олқылықтардың орнын басатын бұл кәсіпорындар нәтижелі сапасымен баршамызды қуантары сөзсіз. 

Мақпал САҒЫНДЫҚ

480 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы