- Бизнес & Қоғам
- 01 Қыркүйек, 2011
Таза, мінсіз асыл тас су түбінде жатады.... Мақпал САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ
Тәуелсіздіктің көк туы желбіреп, егемендіктің еңселі іргетасы қаланған тұстары елімізде әр түрлі әлеуметтік нышандар бой түзеді. Қазақ елінің экономикасын дамыту барысында сан алуан саланың басын біріктіріп, болашақта үлкен сұранысқа ие боларлық маңызды кешендер ғана өз өміршеңдігін тоқтатпаған еді. Сондай ірі кәсіпорындардың бірі – «Қазгранит» корпорациясы!
Қоспасыз, тек табиғи тастардан жасалатын өндіріс материалдарын шығаратын «Қазгранит» корпорациясы отандық шикізат көздерінің көшбасшысы болып табылады. Компанияның өнімдері итальяндық танымал «Pedrini S. p. A. ad Unico Socio» фирмасының көпжүйелі құрылғысының негізінде шығарылады. Шетелдік бұл компания әлемдік өндіріс нарығында табиғи тас өңдеудің автоматты желісін еркін меңгерген көшбасшы болып табылады.
Құрылыс материалдарына, соның ішінде үйдің ішкі безендіруін ерекше әсемдеу кезінде табиғи тастың беріктігі мен шыдамдылығына аса мән беріліп, тұрмыстық қажеттілік ретінде қолданылуда. Компанияның шығарылатын шикізат көзі - гранит, мәрмәр, травертин сынды таза тастарды қолдану арқылы қаладағы үйлер мен кеңсе ғимараттарына керегінше пайдаланып, олардың әсем көрінуіне ықпал жасап отыр. Италия елінің «Pedrini» компаниясының қондырғысымен жоғары санаттағы білгір мамандар тұтынушы көңіліндегі сапалы еңбектің нәтижесін орындайды. Қазіргі таңда «Қазграниттің» қарамағында бірнеше кәсіпорынның топтары бірлесіп қызмет атқарып келеді. Мәселен, «Тас Сити» сауда үйі, гранит пен травертин, мәрмәрді өңдейтін «Taskom-KZ» зауыты, «әл-Басар», сонымен қатар Қырғыз елінің «Керитранс» зауыты, басқа да көптеген компаниялар бірлесе еңбек етуде.
Отандық кәсіпорынның арнайы қызмет көрсету орталықтары шет елдерде – Қырғызстанның Ош, Бішкек, Желалабад қалалары мен Ресей Федерациясының Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Новосібір, Краснодар, сондай-ақ Германия мен Италия, Польшада орналасқан. Екі мемлекет арасындағы мұндай байланыс ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқаратын елеулі шара болмақ.

1613 рет
көрсетілді3
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *
EugeneExesk
17 Тамыз, 2020<a href="http://guod.me/it/compresse-per-potenza-silverex-aiutano-o-e-barare-persone.html" rel="nofollow">http://guod.me/it/compresse-per-potenza-silverex-aiutano-o-e-barare-persone.html</a>
кот
17 Тамыз, 2020мал
nrogqiovkt
21 Желтоқсан, 2021-- nrogqiovkt http://www.g68k9gzt774v63fdlc1jy1fmhv768167s.org/ [url=http://www.g68k9gzt774v63fdlc1jy1fmhv768167s.org/]unrogqiovkt[/url] <a href="http://www.g68k9gzt774v63fdlc1jy1fmhv768167s.org/">anrogqiovkt</a>