• Бизнес & Қоғам
  • 20 Қазан, 2011

Талды аймақтың табысты бастауы Мақпал САҒЫНДЫҚ

Жаңа Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі тұстарда қол жеткізген толағай табыстары мен мол мүмкіндіктері бүгінде жетерлік. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға арналған жыл сайынғы Жолдауында халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтерудің алуан бағыттарын ұсына отырып: «Индустрияландыру – аймақтық саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастырады», - дейтін. Алматы өңірінің орталығы саналатын Талдықорған қаласы еліміз бойынша Президент Жолдауын жүзеге асырып отырған көшбасшы аймақтардың қатарынан табылуда. Бүгінде қаланың өндіріс ошақтары өз елімізде ғана емес, сондай-ақ алыс шет мемлекеттермен де байланыс орнатып үлгерген.

Облыс орталығында орналасқан «ZHERSU POWER» ашық акционерлік қоғамы 2002 жылдың қазан айынан бастап аккумулятор шығару әдісімен нарыққа танылды. Яғни көлікке арналған қорғасын-кальцийден жасалған аккумулятор батареяларын шығару ісі өндірісте қолға алынды. Үкімет бекіткен әлеуметтік бағдарлама негізінде құрылған бұл зауыт әлемдік технология жүйесінің жаңа үлгісімен жабдықталған. «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының үшінші бағытына кіретін «ZHERSU POWER» кәсіпорнының жобалық қуаттылығы жылына 3 млн көлік транспорты және 1 млн стационар аккумуляторларын шығару болып отыр. Зауыттың негізгі шикізат көзі деп отандық кәсіпорындармен, сондай-ақ алыс және жақын елдер – Ресей, Ұлыбритания, Испания, Италия, Қытаймен орнатылған іскери байланысты айтуға болады.

Зауытта аккумулятор батареяларын өндіру барысында «Кальций-Кальций» атты жаңа технологияның көмегіне жүгінеді. Яғни оң және теріс электродтарды жасауда қорғасын мен мырыштың балқытылған түрі қолданылады. Осы химиялық әрекетті орындау арқылы адам денсаулығына бірден-бір зиянсыз кальций элементі пайда болады. Жүзеге асқан бұл тәсіл өндірістің экологиялық жағынан таза, әрі қауіпсіз саналуына мүмкіндік береді. Сонымен қоса, технологияның осы түрін қолдану арқылы кәсіпорын қызметкерлері аккумулятор батареяларының жаңа түрін анықтай алады. Зауыт жұмысын алға жылжытуда пайдаланылған заманауи құрылғылар арқасында кәсіпорын жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Мәселен газ жіберу көрсеткіші азайып, дабыл қағыштың беріктігі жақсарған. Кәсіпорынның жетекші мамандарының өтеусіз еңбектерінің нәтижесінде зауыт жоғары деңгейге көтерілді. Тағы бір ескеретін маңызды жағдай - өндіріс тауарларының сапасында болмақ. Бұл жағынан алып қарағанда, «ZHERSU POWER» қызметкерлері кәсіпорын өнімінің санына емес, ең алдымен сапасына жоғары мән беруді бірінші кезекке қойып отырғандығы байқалады. Кәсіпорын жұмысының жемісі ретінде зауытқа берілген ISO 9001:2000 және ISO 9001:2009 сертификатынан-ақ аңғаруға болады. Қазіргі уақытта еліміздің ішкі және сыртқы нарығында табысты еңбекке қол жеткізген аккумулятор батареяларын даярлайтын зауыт Ресей, Қырғызстан мен Беларусь, Тәжікстан сынды елдердің сенімді серіктестігіне айналуда.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауына сәйкес, зауыт қызметкерлеріне түрлі деңгейде көмек көрсетіледі. Адам ағзасына зиянды еңбек ету жағдайымен тұспа-тұс қызмет атқаратын азаматтарға тегін тамақтану жүйесі енгізіліп, жыл сайын медициналық тексерістен өтеді. Жиыны 290 жұмыскерді еңбекпен қамтып отырған зауыт басшылығы жылына бір рет демалыс саяхатын ұйымдастыруды да дәстүрге айналдырған.

450 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы