• Бизнес & Қоғам
  • 20 Қазан, 2011

«Қайнардағы» қайнаған еңбек Мақпал САҒЫНДЫҚ

Жер жаннаты – Жетісу жерінде тағы бір аккумулятор батареяларының жинақтама желісінің кәсіпорыны орналасқан. Батареялардың түр-түрін шығаратын «Қайнар» зауытында бұйымның бастан-аяқ құрылымдары жасалынады. Аккумулятор батареяларын шығару бойынша Орта Азияда беделді кәсіпорынға айналған «Қайнар» өз өнімдерін әлемдік талаптар мен сапа стандарты негізінде нарыққа енгізді.

Ең алдымен зауыттың тарихына көз жүгіртер болсақ, кәсіпорынның жұмысы сонау 70-жылдардан бастау алған екен. Талдықорған қорғасын-аккумулятор зауытының құрылысы 1970-1975 жылдары жүзеге асқан. Алғашқы аккумулятор батареясы 1975 жылдың 13 қаңтарында 6 СТ – 75 ЭМ моделінде шығарылады. Осы аз уақыт аралығында аккумулятор батареяларының алуан түрі кеңінен сатылымға ене бастайды. Кеңес одағы тұсында жұмыс істеп тұрған батарея шығаратын бес зауыттың бірі – осы Талдықорған қорғасын-аккумулятор зауыты болған. Алайда Кеңес одағы таралған сәттен бастап, кәсіпорын қиын кезеңдерді бастан кешеді. Нарықтық экономикаға көшу барысында түрлі қиыншылықтарды өткерген зауыт «бақытына орай» жабылмады. Бір құлап, қайта қалпына келген кәсіпорын жұмысы бүгінде қадамын нық басқан азулы өдіріс ошағына айналды. Зауытта енгізілген инновациялық технология барысында шығарылатын тауардың сапасына бақылау жасалып отырады. Білікті мамандардың компания қызметіне деген ерекше ықыласы сапалы өнім мен батарея құрылғысының техникалық жарамдылығы мен сыртқы дизайнының тартымды болуына септігін тигізуде. Сонымен қатар, жас мамандарды даярлау және оларды еңбекке тарту жұмыстары да басшылық тарапынан алға қойылған негізгі тапсырмалардың бірі саналуда.

Талдықорғандағы батарея шығаратын зауыт бүгінде жаңа технологияларды бағындыра отырып, BARS GOLD, BARS SILVER, BARS деп аталатын сапасы жоғары аккумулятор батареясын «дүниеге әкелді». «Қайнар» өнімдері елімізде орналасқан кәсіпорынның филиалдарында сатылады. Және Ресейдің біршама қалаларында – Мәскеу, Екатеринбург, Челябинск, Новосібір, Санкт-Петербург пен ТМД-ның басқа да елдерінде өкілдіктері ашылған. «КамАЗ», «Ростельмаш», «ОралАЗ», «МАЗ», «Белаз» кәсіпорындарфна «Қайнар» аккулулятор жеткізуші бірден-бір сенімді серіктес атанған. Аккумулятор батарея зауытының кезекті өнімдері итальяндық жаңа, әрі бағалы «Sovema» құрылғысы негізінде жүзеге асуда. Бұл қондырғы арқасында BARS сериялы батарея қоршаған ортада - 40С-дан + 60С-ға дейінгі температурада еңбекқабілеттілігін жоғалтпайтын болады. Тұйықталу желісі мен тоқ жіберу қызметі тоқ разрядының 9 есе көбеюіне апарады. Бұл құбылыс, -30С температурада механикалық қысым әсерінен батареяның беріктігі жоғарылайтындығын көрсетеді.

2010 жыл – зауыт тарихы үшін ең табысты кезең болды. Қолжетімді табыстарды ескере отырып, кәсіпорын өз ұстанымын халықаралық нарықта тіркеуді жөн деп санайды. Алматы облысы бойынша «Қайнар» ашық акционерлік қоғамы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында мемлекеттік субсидияны қажет еткендердің бірі болды. Үкіметтен қолдау тапқан кәсіпорын осылайша индустриалды аккумулятор, яғни теміржол транспортына арналған бағдарлайтын аккумулятор ісін қолға алады. Теміржол қызметкерлерінің тапсырысы негізінде алғашқы аккумулятор желісі шығарылып, байқаудан өтуде. Отандық өнім өндіру кәсіпорын жұмысының еуропалық ISO 9001:2000 сапасына қол жеткізуге мүмкіндік ашты.

711 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы