• Бизнес & Қоғам
  • 27 Қазан, 2011

Фармацевтикалық кешен құрылысы басталды

Шымкентте жаңа фармацевтикалық кешен құрылысының іргетасы қаланды. Аталған жаңа жоба GMP EU стандарттары бойынша күретамырдан құйылатын стерильді инфузиялық сұйықтар шығаратын болады.

Еліміздің денсаулық сақтау саласында үлкен орынға ие болады деп күтіліп отырған бұл кешен әзірге тек Шымкент қаласында ғана емес, бүкіл республикада бірегей болып саналатынын айта кеткен жөн.

Капсуланы іргетасқа салу рәсімінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Бектаев: «Бұл нысан құрылысының басталуы Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі 2011-2015 жылдарға есептелген мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады», – деп мәлім етті.

«Даму» қоры қаржыландыратын зауытта екі ауысыммен 150 адам жұмыс істейді. «Казмедприбор» ЖШС-нің бір топтағы мекемесі болып табылатын «Реновация» зауыты неміс, испан және шведцариялық компаниялармен тығыз серіктестік орнатқан. «Казмедприбор» ЖШС-нің директоры Бекболат Орынбековтің айтуынша, зауыт өнімдерімен тек Қазақстанды ғана емес, шетел нарығын да қамтуды – ТМД мен алыс шетелдерге де өз өнімдерін шығаруды көздеген.

«Реновация» компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоба құны – 25 млн еуро. Кешеннің жобалық қуаты жылына 12 млн бөтелке (500 мл) және жылына 2 млн пакет (500 мл) өнім шығаруға есептелген.

Кәсіпорын ауданы – 4 335 шаршы метр, өндірістік персонал үш ауысымды режиммен істегенде 150 адам болады.

Жаңа фармацевтикалық кешен құрылысын іске қосу 2013 жылғы үшінші тоқсанға жоспарланған.

605 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы