• Бизнес & Қоғам
  • 27 Қазан, 2011

Техникалық байқау орталығы бой көтерді

Алматы қаласында заманауи тексеру құрылғыларымен жабдықталған жаңа техникалық байқау орталығы іске қосылды. Автокөліктерді тексеруді жүзеге асыратын бұл орталықтың ашылу салтанатына ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев қатысты.

Техникалық байқау орталығы «Актия – Мюллер» компаниясының жаңа толқынды заманауи құрал-жабдықтарымен толыққанды қамтылып, озық үлгіде салынған. Демек орталықта тежегіш жүйесінің, рульдік басқару, жарық жабдықтарының және көлік құралындағы пайдаланылған газ шығуының тексеру тиімділігін автоматты фиксациялау арқылы жүзеге асыру жан-жақты қарастырылған. Автокөліктерді тексеру толығымен автоматтандырылған жүйе бойынша жұмыс жасайды.

Орталық басшыларының сөзіне құлақ түрсек, әр тетігіне дейін жан-жақты қарастырыла отырып салынған, толыққанды озық үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған замануаи стансаның бой көтеруіне алты миллион теңгеден аса инвестиция тартылған көрінеді. Ал бұл салынған қаржының өтелу мерзімі шамамен төрт жылды құрамақ.

Орталықтың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев мұндай орындардың тиімділігіне арнайы тоқтала отырып, «Қазақстан аумақтарындағы осы тәрізді техникалық байқау орталықтарын ұйымдастыру техникалық байқаудың тиімділігі мен сапасын арттырып қана қоймай, көлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті. Сонымен қатар министр мырза алдағы уақытта осы тәрізді жаңа құрылғылармен жабдықталған техникалық байқау орталықтарының Алматы, Орал және тағы басқа қалаларда бой көтеруі жоспарланып жатқанын да жеткізді.

Сондай-ақ аталған шара барысында 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап техникалық байқауды жеке кәсіпорындарға беру республика бойынша 5 мыңнан аса жұмыс орнын құруға, халықты әлеуметтік жұмыспен қамтуға мүмкіндік беретіндігі сөз болды.

Іс-шараның ашылу салтанатына мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Ал қатысушыларға жаңа орталықтың жұмысы мен заманауи құрал-жабдықтардың қызметі жан-жақты таныстырылды.

647 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы