• Бизнес & Қоғам
  • 27 Қазан, 2011

Жүк вагондары жолға дайын

«Қазақстанның вагон жасау компаниясы» – Елбасы көздеген индустриялық-инновациялық бағдарламасының отандық экономикадағы табысты қадамының нақты мысалдарының бірі. Еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасына сәйкес, өте қысқа мерзімде іске қосылған кәсіпорын «Қазтеміртранс» акционерлік қоғамын 119 жүк таситын жартылай вагонмен қамтамасыз етті.

Отандық жүк тасымалдау нарығындағы тапшылық пен импортқа тәуелділікті қықсартуға барынша себін тигізіп отырған өндіріс орны жүк жөнелтушілер мен жеткізушілерді сапалы көлікпен қамтамасыз ете отырып, республика экономикасының қарыштап дамуына өзіндік үлкен үлесін тигізіп келеді.

Зауыт өндіріс көлемінің жобаланған межесіне шыққанда Қазақстанда Ресей мен Украина өндірушілеріне тәуелділік кемиді. Дәл қазіргі уақытта зауыттың өндіріс көлемі түгелдей отандық тасымалдаушы «Қазтеміртранс» АҚ қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталмақ. «Қазтеміртранс» АҚ 2011 жылы «Қазақстан вагон өндіру компаниясынан» 615 жартылай вагонды сатып алу туралы келісімшарт жасасқан. Бүгінде өндіріс «АТФ Банк» АҚ есебінен қаржыландырылып отыр.

Бастапқы кезеңде құны 56 миллион доллар болатын бұл инвестициялық жобаны Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған. Жобада қазақстандық үлес 40 пайызды құрады. Қосымша инфрақұрылымның пайда болуы отандық кәсіпорындарда өндірілген элементтердің түрін арттыруға мүмкіндік тудырады.

Озық заманауи құрал-жабдықтармен толыққанды жабдықталған зауытта бұрындары қолмен атқарылып келген жұмыстардың дені ендігі жерде компьютерлік құрылғылар мен автоматтандырылған техникаларға жүктелген. Жұртты зауытта мұндай тамаша мүмкіндіктің барымен хабардар еткен «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС бас директоры Қабыл Төлепбергенов: «Бұл өндірістің өзгешелігі – оның инновациялығы, яғни өндіріс роботтар мен микропроцессорлық техниканы қолдану арқылы автоматтандырылды. Бұл болашақта жүк вагондарының басқа түрлерін де жасауға сеп болады», – дейді.

Жалпы, зауыт жылына бес жүзден екі жарым мың жартылай вагон жасауға жоспарланған. Бүгінде зауытта 170 адам жұмыс істейді, ал зауыт толық қанды жұмыс істегенде қызметкерлердің саны 550-ден асады екен.

«Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС – еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламасына сәйкес, өте қысқа мерзімде іске қосылған жаңа кәсіпорын. Бұл жоба 2008 жылы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған: «Жылжымалы құрамға сұранысты төмендету мақсатында отандық машина жасауды дамыту саласында кешенді шараларды жүзеге асыру керек» деген тапсырмасына орай жүзеге асырылды. Өндірістің негізгі түрлері – жүк вагондары, қозғалмалы жүйеге арналған қосалқы бөлшектер. Жартылай вагондар сусымалы заттарды, ірі кесектерді, және жауын-шашыннан қорғауды қажет етпейтін басқа да жүктерді тасымалдауға арналған.

974 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы