• Бизнес & Қоғам
  • 27 Қазан, 2011

Жаңа кәсіпорын – жаңа жұмыс орны

Бүгінгі таңда экономиканың барынша алға жылжып, қарқын алуы үшін индустриялық аймақтардың молынан бой көтеруі өте қажет. Сондықтан да еліміздің түпкір-түпкірінен ашылып жатқан жаңа кәсіпорындар мұндай аймақтардың жоспарлы құрылуына өз септігін тигізіп келеді. Газ вагон-цистерналарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын жаңа кәсіпорын Шымкенттің индустриялық аумағынан бой көтерді.

Жаңадан іске қосылған бұл кәсіпорын өз кезегінде Қазақстандағы газ вагон-цистерналарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын екінші жоба болып отыр.

«ЮгРемГаз» ЖШС кәсіпорны ендігі уақытта сұйытылған көмірсутекті газдарды тасымалдауға арналған вагон-цистерналарға қызмет көрсету және сұйықтық құюға дайындау жұмыстарын жүргізумен айналысатын болады. Осы күнге дейін мұндай жұмыстар тек Атырау облысындағы Құлсары қаласында ғана жүргізілетін. Сондай-ақ вагондарды онда жөндету үшін бүкіл республиканы айнала тасымалдау керек еді. «Енді бұл мәселе аздап болсын шешіле бастады» деуге болады.

Еліміздегі газ вагон-цистерналарды жөндеу және қызмет көрсетумен айналысатын екінші кәсіпорын атанған «ЮгРемГаз» ЖШС жылына 1200 цистернаға қызмет көрсете алады. Жаңа кәсіпорын – жаңа жұмыс орны демекші, кәсіпорынға алдағы уақытта 50 адам жұмысқа тартылады деп көзделіп отыр. Жалпы индустриялық аймақта қазіргі күні барлығы 31 жоба іске қосылыпты, онда 2 мың адам еңбектенуде.

Жаңа кәсіпорынның инвесторлары салық күйінде бюджетке жыл сайын 30 млн теңге аударуды жоспарлап отыр.

838 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы