• Бизнес & Қоғам
  • 27 Қазан, 2011

Жұмысы жанданған кәсіпорын Мақпал САҒЫНДЫҚ

Жерасты қазба байлықтарына бай өңірлердің бірі саналатын Хромтау ауданында хром кенін өндіру жұмысы ерекше алға қойылған. Осы өңірде қабырғасы қаланған «Керамика» зауыты тұрғын үй құрылысына қажет қыш плиталар шығаратын елімізге танымал кәсіпорындардың бірі. Әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс кезінде бұл кәсіпорын уақытша қызметін тоқтатып, мемлекеттің қолдауымен екі жылдан кейін нарыққа өнімдерін шығара бастайды.

Италия елінің технологиясы орнатылған зауытқа керекті қиыршық тас, саз, құм сияқты шикізат көздері осы өңірден алынады. Сондай-ақ керамика плиталарын бояйтын шикізаттар Испаниядан жеткізіліп отырады. Мемлекеттік «Даму» қорының тікелей қолдауының арқасында керамика зауыты жылына 1 млн шаршы метрге жуық өнім өндіруді жоспарға енгізіп отырғандықтан, кәсіпорын өнімдеріне сұраныс көбею үстінде. Бүгінде кафельдің он бес түрін жасаған зауыт отандық кәсіпорындарға берілетін «СТ KZ» сертификатына ие. 120 қызметкерді жұмыспен қамтып отырған зауыт басшылығы ел өңіріндегі көптеген кәсіпорындармен, мекеме-ұйымдармен келісімшарт орнатқан.

Мәскеу мен Италия, Испаниядан арнайы шақырылған мамандар зауыттан шыққан өнімдердің сапасын жіті бақылаумен айналысады. Кәсіпорын меңгерушісі Гүлсім Жұмамұратова өндіріс ошағындағы жұмыс жайында: «Шетелдік мамандардан озық технология негізінде жұмыс істеп, тәжірибе алмасудамыз. Зауыт тауарлары елімізге Ресей мен Қытайдан әкелінетін өнімге қарағанда сапасы өте жоғары болмақ. Ауыз суды арнайы қондырғымен тазарту арқылы кафельдердің берік болуын қадағалаймыз. Бұлай етпегенде құрамында хром қосындылары бар су арқылы жоғары сапаға қол жеткізу қиынға соғады», - дейді.

Италия жерінен әкелінген «MAKPAL» аппаратының көмегімен зауыттағы шикізаттың барлығы да жабық ыдыста таза сумен жуылады. Пеште қыздырылып, кептірілгеннен кейін, керамикалық пештің беті жылтыр сұйықтықпен боялады. Керамика плитасының бетіне көбінесе еуропалық дизайнға сәйкестендіріліп, түрлі суреттер салынады. Бұл әрине ең алдымен тұтынушының сұранысына сай жүзеге асатын шаруа.

Төрт ауысым бойынша қызмет етіп отырған кәсіпорын жұмысшылары үгітіліп қалған қалдықтарды да қайта өңдеп, өндіріске қосады. Әр істі үнемдеу арқылы зауыт бүгінде қалдық атаулыдан ада. Тұтынушыға ұсынылған бір қорап кафельдің құны 700 теңге. Кәсіпорын жұмысшылары келешекте қораптардың сыйымдылығын үлкейтіп, ұлттық нақышта көрініс беретін керамика пештерді шығаруды мақсат етуде.

318 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Қуантайұлы Нұржан

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редакторы