• Бизнес & Қоғам
  • 03 Қараша, 2011

Қазақстан сәулет біліміне 50 жыл толды Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Қазақстанда сәулет білімінің негізі қаланғанына биыл 50 жыл толды. Осыған орай Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің ұйымдастыруымен екі күнге жалғасқан «Қазіргі әлемдегі сәулет білімі: мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан сәулетшілері мен дизайнерлерін даярлайтын жетекші оқу орындарының ректорлары мен проректорлары, профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, білікті мамандар, Қазақстан сәулетшілері мен дизайнерлері одағының басшылығы және осы одақтың мүшелері, Ресей Федерациясынан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен арнайы шақырылған меймандар қатысты.

«Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің қоры» қоғамдық қорының Мәжіліс залында өткен пленарлық отырыстың алдында «Қазақстан сәулеті: кеше, бүгін және ертең» деген тақырыппен ұйымдастырылған ҚазПТИ – ҚазҰТУ түлектері көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Оны Қазақстан сәулетшілерін даярлайтын жетекші оқу орны – ҚазҰТУ ректоры Ж.М. Әділов ашып, еліміздің сәулет өнерінің жеткен жетістіктері жөнінде қысқаша баяндап өтті.

Бұдан кейін Мәжіліс залындағы үлкен жиынды ашық деп жариялаған Жексенбек Әділов ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың халықаралық конференция қатысушылары мен қонақтарын құттықтаған жолдау-хатын оқып, жиылған қауымды құттықтады. Халықаралық конференция аясында ТМД елдерінің сәулеттік жоғары оқу орындары және факультеттері жетекшілерінің Консорциумын құру туралы Бас келісімге қол қойылды. Олардың арасында Сәулет және құрылыс, көлік Қырғыз Мемлекеттік университетінің, Әзірбайжан сәулет-құрылыс университетінің, Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетінің, Б.Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті, С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінің, Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің өкілдері Бас келісімге қол қойды.

Халықаралық конференция барысында сәулет мектептерінің аумақтық арнайы дамыту және Болон декларация ережелерінің есебімен Кеңес одағы кеңістігінде сәулет біліміне біріңғай әдістемелік шараны қолдану мақсатымен қоғамдық ұйымдар, ТМД елдеріндегі сәулеттік жоғары оқу орындары және факультеттері жетекшілерінің Концорциумы мекемелері туралы сұрақтар талқыланып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Меймандар мінберге көтеріліп, Қазақстан сәулетшілерінің жұмысына, елімізге зор табыстар тіледі.

Қырғызстан Республикасы Сәулетшілер және құрылыс академиясы басшылығының ұйғарымымен ректор Ж.Әділов, Б.Құспанғалиев, И.Азимов және де басқа да бірқатар азаматтарға осы Академияның толық мүшесі болғандығы туралы диплом тапсырылды. Жиынға қатысушылар «Кеңес одағынан кейінгі кеңістіктегі сәулет білімінің мәселелері» және «Нарық экономикасы жағдайындағы сәулет және жаңа құрылыс технологиялары» деген тақырыптар бойынша секцияларға бөлініп жұмыс істеді.

29 қазанда Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Сәулет және құрылыс институтына белгілі Қазақстан сәулетшісі Т.К. Бәсеновтың есімін беру тақтасының салтанатты ашылуы болды.

Сәулет-құрылыс академиясының тарихы қазақстандық тұңғыш сәулетші ғалымдардың бірі, еліміздің белгілі мемлекет қайраткері Төлеу Бәсеновтың бастамасымен 1961 жылы Қазақ политехникалық институтында «Сәулет өнері» мамандығы бойынша студенттер қабылдаудан басталады. 1963 жылы құрылыс, сәулет және санитарлық-техникалық факультеттер ашылды. Ал 1980 жылы Алматы сәулет-құрылыс институты бөлек шаңырақ көтерді. Осылай бастау алған білім орндасы бүгінге дейін – жарты ғасыр уақытта сәулет-құрылыс саласының мыңдаған білімді де, білікті мамандарын дайындап шығарды.

584 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы