• Бизнес & Қоғам
  • 03 Қараша, 2011

Бағыты басым кәсіпорын Мақпал САҒЫНДЫҚҚЫЗЫ

Ішер астың дәмін кіргізетін түрлі тағам мәзіріне арналған дәмдеуіштер отандық «Омега специй» кәсіпорынында өндіріледі. 1998 жылы іргесі қаланған компанияның негізгі қызметі дәмдеуіштер мен тез дайындалатын сорпа, кисел және қосымша дәндегіш өнімдерін шығарумен тікелей байланысты.

Ел экономикасының даму сатысын бастан өткерген компания ең алғашқы өнімін 1998 жылдың аяғында шығарған болатын. Өткен жүзжылдықтағы экономикалық дағдарысқа тұспа-тұс келген «Омега специй» өнімдері тарихтың түрлі ауыртпалықтарынан сүрінбей өтті. 15 жұмыскердің еңбегімен бастау алған өндірісте сол кездері өнімнің небәрі 2-3 қана түрі шығарылатын еді. Ал компанияның бүгінгі қызметі жылдан-жылға ізденіс, жақсарыс үстінде. Компания бүгінде 103 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр және өнімнің 190 түрін нарыққа шығаруда. Еліміз бойынша көшбасшыға айналған бұл кәсіпорын Орталық Азия нарығын да сапалы тауар көзімен бағындырып отыр.

Республика тұрғындарын жоғары сападағы тағам өнімдерімен қамтамасыз ету барысында дайындалған ас мәзіріне қосымша қайталанбас дәм беретін қара, қызыл бұрыш, түрлі қоспалар шығаруды кәсіпорын басты міндетіне алған.

Қазіргі уақытта кәсіпорын қызметкерлері барлық күш-қайраты мен ұстанымын нарықта тұрақты қалыптасуына және бәсекелестікке шыдас беретін жаңа өнімдер ойлап табуды қолға алған. Компания тауарлары бес топ негізінде дайындалады. Кәсіпорын өнімдерінің құрамын бақылағанда, ең алдымен дәм сапалығы мен өнім қауіпсіздігіне, ас бағалылығына, жоғары сапаға ие шикізаттың қолданылуы, сондай-ақ сақтау мерзімділігі назарда болады.

«Омега специй» брэндімен нарыққа шығатын компанияның өнімі Карри – үлкен сұранысқа ие шығыс дәмдеуіштерінің бірі. Дайын тағамға қайталанбас хош иіс пен шербет дәм сыйлайтын қоспаны ет, балық, көкөніс, күрішке қосуға болады. Құрамына куркума, ұнтақталған кориандр мен қызыл бұрыш, қардамон, зімбір, қалампыр, мускат жаңғағы қосылған карри негізінде түрлі тұздықтар да дайындалады.

Күнделікті дастарханнан табылатын қара бұрыш қоспасының да адам ағзасына тигізер пайдасы жетерлік. Ас қорыту, сондай-ақ тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсартатын қара бұрышты әр түрлі тамаққа қосып, пайдаланады. Компанияның тұтынушыларына жасаған дәмді де, пайдалы өнімдері бүгінде осылар болмақ.

556 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы