• Қаржы
  • 02 Сәуір, 2014

ҚР Ұлттық банкi 21 млн. долларға алтын құймалар сатып алды

Бүгiн "Тау-Кен Алтын" ЖШС аффинаж зауыты дайын өнiм, тазартылған алтынның алғашқы партиясын ҚР Ұлттық банкiне жөнелттi деп ҚазАқпарат хабарлады.

            99,99 сынамалы стандартты банктiк құймалы бiрiншi партияның көлемi шамамен 500 келi, жалпы құны - 21 млн. АҚШ доллары. Бұның алдында зауыт пен Ұлттық банк тазартылған алтынды сату және сатып алу бойынша шартқа қол қойған болатын. 

"Ең жоғарғы мақсат - болашақта Қазақстанда өндiрiлетiн шикiзаттың барлығын өңдеу. Елiмiзде шикiзат жеткiлiктi. Қазiргi уақытта Ресейде 9 аффинаж зауыты бар, дегенмен бiз баға саясаты бойынша олармен еркiн бәсекелесе аламыз. Сонымен қатар Ресейге жiберу барысында шикiзат өндiрушiлер көп қаражат жоғалтады. Ал бiз жақын орналасқанбыз. Өнiмдерiмiздi өткiзу бойынша ешқандай кедергi жоқ. Бiздiң мақсатымыз - ҚР Ұлттық банкiнiң сұранысын қанағаттандыру", - дейдi зауыт басшысы Мейрамғали Тiлеужанов.

Сонымен бiрге зауыт директоры Қазақстанда өңделген алтынды Лондон биржасына шығару жоспарлары жайында тоқталды.

"Бiз мiндеттi түрде Лондон биржасына тiркелемiз. Ол жерде "гуд деливери" мәртебесiн алу үшiн 99.99 сынамалы алтын шығару аз. Бiзге кем дегенде 3 жыл нарықта жұмыс жасау керек және кемiнде 10 тонна алтын шығарып отыруымыз тиiс. Сондықтан барлығы уақыт еншiсiнде", - деп атап өттi ол.

628 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы