• Білім & Ғылым
  • 10 Қараша, 2011

Ынтымақтастықтың жемісі – жаңа орталық Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде «Siemens» – ҚазҰТУ» ғылыми-зерттеу және автоматтандырылған оқу орталығы ашылды. Жоғары оқу орнының қабырғасында құрылып отырған мұндай орталық елімізде бұрын-соңды болмаған.

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ мен электроника мен электротехника саласындағы фирмалардың көшбасшысы – «Siemens» компаниясы арасында 1995 жылдан бері жалғасын тауып келе жатқан ынтымақтастық байланыстың жемісі – ашылып отырған оқу орталығы инженер кадрларын даярлауды жетілдіру және өнеркәсіп орындарының мамандарын қайта даярлауды қолға алады. Сондай-ақ ол «Siemens» фирмасының жүйелік шешімдері мен жаңа техникалық құралдарын пайдалану арқылы технологиялық үдерістер мен өндірісті автоматтандырудың озық үлгі жүйесін құруды көздеген.

Орталықтың алғашқы жобасы 2001 жылы жасалынып, соның базасы ауқымында ҚазҰТУ студенттері Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші фирмаларында, өнеркәсіп орындарында қайта даярлау мен мамандардың біліктілігін арттыру оқуларында болды. Олардың қатарында «Қазақмыс», «Соса Соla», «Philip Morris» және «Қарабалта МОК» акционерлік қоғамының қызметкерлері де бар.

Осы Орталық базасында «Siemens» фирмасының арнайы қондырғысын пайдалану нәтижесінде ҚазҰТУ қызметкерлері Жезқазған, Балқаш және Ақсу қалаларында «Қазақмыс» АҚ өндірісін басқару мен бақылаудың жаңа жүйесін жасап, енгізді. Мұның өзі шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға, оған кететін шығынды азайтуға мол мүмкіндік берді.

«Siemens» – ҚазҰТУ» орталығының Қазақстанда ашылуы, оның жаңа озық үлгідегі қондырғыларымен жабдықталуы ҚазҰТУ-дың жоғары білікті ғылыми, инженерлік және педагогикалық кадрларын металлургия, химия және жеңіл өнеркәсіп зауыттарында консалтинг және инжиниринг өткізу жөнінде автоматтандырылған жүйелерді жасап енгізу жұмыстарын жандандыра түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар, мұндай орталықтың құрылуы «Siemens» өнімдерін Қазақстанның өнеркәсіп рыногына кеңінен шығаруға, Тәуелсіз Қазақстанның дамып келе жатқан өнеркәсібі үшін даярланатын инженер кадрларының сапасын арттыруға да ықпал етеді.

829 рет

көрсетілді

3

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы