• Қаржы
  • 11 Сәуір, 2014

Халықаралық қаржы есептілігінің стандартының (ХҚЕС) шетелдерде қолданысқа енгізілуі және қолданылуы

Аңдатпа

Әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық қаржы есептілігі стандарты қолданып келеді. Қазіргі таңда бұл жүйені барлық мемлекеттер өздеріннің бухгалтерлік есеп жүйесіне енгізу үстінде. Халықаралық қаржы есептілігі стандартының барлық елде өздеріннің есеп жүйесінің ерекшелігіне байланысты қалыптастыру, оның артықшылықтары мен кемшіліктері осы мақалада қарастырылады. Мақалада Халықаралық қаржы есептілігі стандартының әлем елдерінде қолданысқа енгізіліп, қолданылуы қарастырылады.

Тіркейсөздер: қаржылық есеп беру, Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты.

 

Соңғы жылдар ішінде есепші кәсібінің мамандары экономикада болған елеулі өзгерістерге куә болып келеді, себебі осыдан он жыл бұрын әлемнің көптеген дамыған және дамушы елдеріқаржылық есептілікті ұсынуда бірыңғай қағидалар мен ережелер жиынтығы – халықаралық қаржы есепьілігінің стандарты енгізіле басталды.

Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (ХҚЕС) – барлық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға қаржы есептілігін құруда және оны ұсыну кезінде бірдей талаптар қоятын, белгілі бір стандарттар мен қағидалар жиынтығы. Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты (ХҚЕС) 1973 жылы өзінің бастауын Лондон қаласындаорналасқан үкіметті емес орган – ХҚЕС бойынша кеңес (2001 жылға дейін – ХҚЕС бойынша комитет) құруымен бастауын алды. Ең бірінші стандарт 1974 жылы қабылданды және заңды күшке келесі жылы енгізілді. Қазіргі уақытта 29 стандарт бар, әрбір стандарт келесі элменттерді қосады:

-                     есеп объектісі – объектіге және соған қатысты негізгі түсініктерге анықтама беріледі;

-                     есеп объектісін тану – есеп объектісін әр түрлі есеп берудің элементтерге жатқызудың белгілері;

-                     есеп объектісін бағалау – есептіліктің әрбір элементтерін бағалау талаптары және бағалау әдістерін қолдану бойынша нұсқаулықтар беріледі;

-                     қаржылық есептілікті көрсетілуі – есептің объектісі туралы ақпаратты әр түрлі қаржылық есептілік нысанында ашық көрсету.

            ХҚЕС тұжырымдамасы алғаш бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп берудің стандарты ретінде көпшілік алдында жарияланғанда, «Ең үлкен жиырма» (G20) тобы, Әлем банкі (WorldBank), Халықаралық валюталық қоры(IMF),Базельдік комитет(BaselCommittee), Бағалы қағаздар мен биржа бойынша халықаралық ұйымдастыру комиссиясы(IOSCO), Есепшілердің халықаралық федерациясы(IFAC), яғни осындай беделді, ірі кәсіпорындармен қолданды.

            ХҚЕС барлық мемлекеттерге міндеттелген заңды құжат емес, аталған халықаралық стандартты әрбір мемлекет өзінің еркіне байланысты, қандай да бір қосымшалар енгізу арқылы заңды түрде ұлттық стандарт ретінде немесе оны негізгі алсын деп мемлекеттің коммерциялық және комерциялық емес мекемелеріне жүктей алады.

            Әрбір мемлекеттің халықаралық стандартты өздеріннің заңнамасына қосудың әр түрлі жолдары бар, олар келесідей:

-                     өздеріннің ұлттық стандарты ретінде, еш өзгеріссіз қабылдау;

-                     өздеріннің ұлттық стандарттарын халықаралық стандарт негізінде, қандай да бір өзгерістер қосу арқылы қабылдау;

-                     өздеріннің ұлттық стандарттарын халықаралық стандартқа сәйкестендіру.

            ХҚЕС қоры сайтының (www.ifrs.org) 2013 жылы қаңтар айында алынған мәліметтеріне сүйенсек, сол уақытта халықаралық стандартты 120 мемлекет қолданады. Әр мемлекетте ХҚЕС қолдану дәрежесі әр түрлі. Мысалы:

-                     Австралия – 2005 жылдан бастап барлық жеке және мемлекеттік секторлары қаржылық есептілікті ұсынуда ХҚЕС негізге алуға міндетті.

-                     АҚШ – 2007 жылдан бастап ХҚЕС шетелдік эмитеттер үшін рұқсат берілген.

-                     Аргентина– 2012 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті.

-                     Бразилия – 2011 жылдан бастап банктердің шоғырландырған қаржылық есеп беруінде, ал 2004 жылдан бастап барлық кәсіпоындар ХҚЕС қолдануға міндетті.

-                     Германия – 2005 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті, себебі аталған мемлекет ЕО құрамына кіреді.

-                     Еуроодақ – 2005 жылдан бастап барлық ЕО құрамына кіретін мемлекеттер ХҚЕС қолдануға міндетті.

-                     Жапония – 2005 жылдан бастап ХҚЕС кейбір халықаралық кәсіпорындар үшін рұқсат етілген.

-                     Индонезия –ХҚЕС көшудің жоспары әлі жарияланбаған, бірақ жартылай ХҚЕС көшу қабылданған.

-                     Италия – 2005 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті, себебі аталған мемлекет ЕО құрамына кіреді.

-                     Канада – 2011 жылдан бастап листингтік кәсіпорындар ХҚЕС қолдануға міндетті, сонымен қатар жеке кәсіпорындарға, соның ішінде коммерциялық емес ұйымдардардың қолдануына рұқсат берілген.

-                     Корея Республикасы–2011 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті.

-                     Қытай – ХҚЕС негізінде ұлттық стандарт жасалынған.

-                     Мексика –2012 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті.

-                     Оңтүстік Африка – 2005 жылдан бастап ХҚЕС листингтік кәсіпорындар үшін міндетті.

-                     Ресей – 2012 жылдан бастап ХҚЕС листингтік кәсіпорындарға, банктерге, сақтандыру кәсіпорындарына және басқа да ұйымдардың шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құруда қолдануға міндетті.

-                     Сауд Арабиясы– ХҚЕС банктерге және сақтандыру кәсіпорындарына қолдануға міндетті, бірақ ХҚЕС толығымен көшу жоспары қарастырылуда.

-                     Түркия – 2008 жылдан бастап ХҚЕС листингтік кәсіпорындар үшін міндетті.

-                     Ұлыбритания – 2005 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті, себебі аталған мемлекет ЕО құрамына кіреді.

-                     Үндістан– ХҚЕС кейбір кәсіпорындардың өз еріктерімен қолданылады. Қазіргі уақытта ХҚЕС көшудің нақты уақыты бекітілмеген.

-                     Франция – 2005 жылдан бастап ХҚЕС қолдануға міндетті, себебі аталған мемлекет ЕО құрамына кіреді.

            Әлем елдерінде ХҚЕС қолдану жағдайын ХҚЕС бойынша Кеңес бақылау арқылы, 2013 жылы халықаралық стандартты барлық мемлекеттерге енгізу жобасмын қарастыруда. Комитет халықаралық стандартты құру этапынан, оларды енгізу этапына көшті. Осы этапты жүзеге асыру барысында, Комитет бірнеше шараларды жүзеге асыруда, олар әр түрлі көздерден алынған ақпараттарға, сонымен қатар әрбір мемлекеттің өкілеттілігі әжене есепші кәсібінің маманының қатысуымен сауалнама жүргізді. Аталған сауалнама 81 мемлекеттің өкілеттілігі, соның ішінде «Ең үлкен 20» құрамына кіретін мемлекеттер де қатысты, сол сауалнаманың қорытындысы:

-                     96% қаржылық есептілікті дайындауда ХҚЕС бірыңғай стандарт ретінде қолданады;

-                     85%бағалы қағаздары биржада айналыста болатын кәсіпорындар ХҚЕС қолданады;

-                     ХҚЕС қабылданған мемлекеттер стандартқа біраз өзгерістер енгізді;

-                     Әлемнің жарты мемлекеттерінен көбі шағын және орта кәсіпорындардаХҚЕС енгізген, немесе кейбіреулері жақын болашақта енгізуді көздейді.

Жоғарыда айтылып кеткендей, халықаралық стандартты әрбір мемлекеттің қандай да бір реттеуші органы, қоғамның қызығушылығы негізінде, ерікті түрде өздеріннің заңнамасына енгізе алады. Әр мемлекет халықаралық стандартты өз мемлекетінде қолданысқа енгізбес бұрын, стандартқа өздеріне ыңғайлы қандай да бір өзгерістер қосу арқылы енгізе алады.

            81 мемлекеттен алынған сауалнама негізінде, ХҚЕС әлемде қолдану статистикасы былай көрсетілді:

1.                  ХҚЕС қолдану.Қаржылық есептіліктің бірыңғай, жоғары сапалы стандартын 81 мемлекет ішінен 78 қолданылады (Албания, Макао және Швейцария елдерінен басқа).

2.                  ХҚЕС қолдау. Барлық мемлекеттердің қажетті органдары (Швейцариядан басқа) заңды түрде ХҚЕС қаржылық есептіліктің стандарты ретінде таныды.

3.                  ХҚЕС қолданудәрежесі. 70 мемлекет (85%) ХҚЕС өздеріннің қаржы нарығында, ең болмаса қандай да бір категориякәсіпорындарының қолдануын міндеттейді, тек екі мемлекеттен басқа (Бруней және Колумбия мемлекеттері, олар 2014 және 2015 жылы бастайды). Қалған 11 мемлекеттер:

-                     Пакистан және Сингапур мемлекеттері ХҚЕС көп бөлігін ұлттық стандарт ретінде қабылдады, бірақ кейбір өзгертулермен және қосымшалармен;

-                     Үндістан, Жапония және АҚШ мемлекеттері ХҚЕС ішкі және шетелдік кәсіпорындарға өз еркінде қолданудға рұқсат берді;

-                     Сауд Арабия мемлекеті ХҚЕС тек банктер және сақтандыру кәсіпорындары қолдануды талап етті;

-                     Бутан және Боливия мемлекеттері ХҚЕС қабылдамады, бірақ кейбір кәсіпорындар ХҚЕС қолдануда. Бутан мемлекеті ХҚЕС енгізу үрдісін бастады.

-                     Макао және Индонезия мемлекеттірінң кейбір кәсіпорындары ХҚЕС қолданады, бірақ толығымен қабылдау жоспары мен уақыты әлі жарияланбады.

-                     Қытай мемлекеті өздеріннің ұлттық стандартын ХҚЕС сәйкестендірді.

            Осы 11 мемлекеттен басқа 70 мемлекет ішінде Еуро Одақтың құрамына енетін мемлекеттер ХҚЕС (IAS) 39 «Қаржылық құралдар: оларды бағалау және өлшеу» қолданылмайды. Бірақ бұл ерекшелік тек ХҚЕС сәйкес есептілік құрайтын, бағалы қағаздары Еуро Одақтың қаржы нарығында айналыста болатын 8000 кәсіпорынның ішіндегі 20 банкке қатысты.

            Осы 70 мемлекет ішінде ХҚЕС ұлттық стандарт ретінде қабылдаған мемлекеттер бар (мысалы, Австралия, Гонконг және Жаңа Зеландия).

            Соынмен қатар, осы 70 мемлекет ішінде ең соңғы нұсқада емес стандарт қабылдаған 4 мемлекет бар, олар: Македония (2009), Шри-Ланка (2011),  Венесуэлла (2008) және Мьянма (2010) – аталған мемлекеттің өкілдері жаңарту жұмыстарын атқаруда.

4.                  ХҚЕС қолдану саласы. 65 мемлекет халықаралық стандарт талаптарын нарықта бағалы қағаздары айналыста жүрген кәсіпорындарға қолдануды талап етеді. Ал, қалған 5 мемлекет осындай талаптарды қояды, бірақ қаржы институттарын қоспағанда. Осы 65 мемлекеттің 60% ХҚЕС басқа да кәсіпорындарға, яғни қаржы институттарына және ірі листингті емес кәсіпорындарға қолдануды міндеттеді. 65 мемлекеттің 90% ХҚЕС барлық немесе көп бөлігінде листингті кәсіпорындарға қолдануға рұқсат етілген.

5.                  ХҚЕС кішігірім түрлендіру. 81 мемлекетте стандарттың мәтіндеріне кішігіріп өзгерістер енгізді. Мысалы, Еуро Одақ 39 ХҚЕС уақытша немесе тек кейбір кәсіпорындарға қатысты деп қолданудан алуды жөн көрді. Қазіргі кезде ХҚЕС бойынша Кеңес басқа да қосылған немесе өзгертілген кішігірім өзгерістермен келесідей жұмыстар жүргізуде: жеке қаржылық есептілікте еншілес кәсіпорынның көрсеткіштерінүлестік қатысу әдісін қолдануарқылы көрсету;несие бойынша шығындарды жабу бойынша резервті құру, биологиялық активтерді өндіру есебі. Кейбір мемлекеттер бірнеше стандартты қолданудан алып тастады: ХҚЕС (IFRS) 10, 11, 12 және Түсіндіру (IFRIC) 15.

6.                  Аудиторлық қортынды. ХҚЕС қабылдаған 70 мемлекет ішіндегі 32 мемлекет аудиторлық қорытынды ХҚЕС сай болуын талап етеді, ал басқа 32 мемлекетаудиторлық қорытынды Еуро Одақтыңстандартына сай болуын талап етеді, ал қалған 6 мемлекет (Гонконг, Мьянма, Корей, Сербия, Шри-Ланка, Уругвай) аудиторлық қорытындыны өздеріннің ұлттық стандарттарына сәйкес қарастырады.

7.                  Орта және шағын кәсіпорындар үшін ХҚЕС. 81 мемлекет ішіндегі 31 мемлекет орта және шағын кәсіпорындар үшін ХҚЕС қабылдады, ал басқа 11 мемлекет осындай мүмкіншілікті қарастырып жатыр.

            Осындай көрсеткіштерке көз жүгіртетін болсақ, қазіргі уақытта халықаралық стандарттың әлемде қолдану аясының кеңейіп келе жатқанын көреміз. Бірақ та, барлық мемлекеттік осы аталған стандартты негізгі ала оытрып, бірыңғай талаптарды барлық мемлекеттің ұстануына өте жақсы нәрсе, себебі қаржылық есептілік тек сол мемлекетте ғана емес, барлық әлем елдерінің пайдаланушыларына түсінікті, қол жетімді, шынайы болып табылады. Бірақ, ХҚЕС өз заңнамамызға енгізбестен бұрын, мемлекеттің экономикалық жағдайына, мемлекеттің құрылымы мен басқа да көңіл бөлуге тиісті жақтарына қарай өзімізге сәйкестендіру тиіс.

Балауса БЕКБОЛОВА,

Алматы Экономика және Статистика академиясының

«Есеп және аудит» мамандығының

 ғылыми-педагогикалық бағытының

 2 курс магистранты

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

1.                  Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекелестікке қабілетті экономика, бәсекелестікке қабілетті ұлт», 19.03.2004ж.

2.                  Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, «Жаңа он дылдық – Жаңа экономикалық көтерілу – Қазақстанның жаңа мүмкіншіліктері», 29.01.2010ж.

3.                  Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси курсы, 14.12.2012ж.

4.                  ХҚЕС (IFRS) 1 – Халықаралық қаржы есептлігінің стандарты.

4986 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы