• Қаржы
  • 11 Сәуір, 2014

Дүрбелеңде салымдарын алғандар, банктерге қайта салуда

Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялады. Жарияланымға сәйкес биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169.млрд.теңгені құраған. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%,  Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%.

Бүгін Ұлттық банк таратқан ақпарға орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олар таратқан ақпарға сәйкес қазірге дейін салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған.

«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады»,-дейді kaspi bank-тің басқарма төрағасы  Михаил Ломтадзе.

Басқарма төрағасының пікірінше бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған  салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ. 

593 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы