• Білім & Ғылым
  • 10 Қараша, 2011

КӨРНЕКТІ ҒАЛЫМ, ПАРАСАТТЫ АЗАМАТ

«Ақсақалын ардақтаған ел азбайды» деген ғой, ұлкенді сыйлау, біліммен суcындатқан ұстазын құрметтеу – халқымыздың қанына сіңген қасиет. Бұл қасиет дінімізбен, тілімізбен, дәстүр-салтымызбен үйлесін, үндесіп, жарасып жатқаны аян. Соның бірі ғылым саласында жүлдызы жанып, арамызда жүрген ақсақалымыз Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының докторы, белгілі ғалым Сейсенов Бақытбек Сейсенұлы. Ол тек философ ғана емес, жас ғалымдардың данашыр кеңесшісі, көрнекті ұстазы, құрметті оқытушысы. Саналы өмірінің қырық жылдан астам уақытын жоғары мектепте ұстаздық, кафедра меңгерушісі, декан, ректор қызметтерін абыроймен атқарып жүрген азамат.

Бақытбек Сейсенұлы – көрнекті ғалым, философия ғылым саласындағы талантты зерттеуші, Халық ағарту ісінің үздігі, философия ғылымдарының докторы, профессор.

Қызылорда облысы, Қармақшының қасиетті топырағында өмірге келіп, Бақытбек Сейсенов орта мектепті бітіргесін Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педегогикалық университетінің физика факультетіне түседі. Оқуын жақсы тәмәмдағаннан кейін, ол Жамбыл, Қызылорда облыстарының мектептерінде физика пәнінен мұғалім болады. Бірақ білімге деген құштарлық албырт жасты жоғары оқу орныны алып келеді. Сөйтіп, 1968 жылдан бастап Бақытбек Сейсенұлының жоғары оқу орындарында ұстаздық және ғылыми ұзақ өмірі басталады.

Міне, осындай білімге деген ұмтылыс оны алыстағы Украинаның Киев қаласына алып келеді. Ондағы мақсаты бүкіл Кеңес Одағының ең беделді жоғары орындарының бірі – Т.Г.Шевченко атындағы Киев мемлекеттік унивеситетінің аспирантурасында оқып, кандидаттық диссертация қорғау. Бақытбек Сейсенұлының ғылыми жетекшісі болған осы университеттің профессоры, техника ғылымдарының докторы А.Л. Наумов болды. Ол тек қана физика саласының білікті маманы болған жоқ, сонымен қатар жан-жақты мәдениетті, өте жоғары деңгейдегі тұлға болатын. А.Л.Наумов музыка теориясымен де айналысты, өнертану ғылымы бойынша да кандидаттық диссертация қорғаған. Сонымен бірге ол салауатты өмір салтын насихаттауға да зор көңіл бөлген. Барлық уақытта жаяу жүріп, мқздай суға шомылуды дағдыға айналдырған. Ол өзінің күнделікті таңертеңгі дене шынықтыру кестесін халыұұа Киевтің радиосы арқылы да таратып, насихаттаған.

Осындай керемет ғалымның шәкірттерінің бірі болып, Бақытбек Сейсенұлы Сейсенов те оның ғылыми мектебінен өтті. Оның жетекшілігімен 1973 жылы Бақытбек Сейсенұлы «Кейбір сызықты емес электромеханикалық жүйелердің жүмысына гестерезистің әсерін зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын абыроймен қорғап шықты.

Бақытбек Сейсенұлы өзінің ұстазы А.Л.Наумовиың теориясын электр машиналарында дамытып, гестерезистік машинаның теориясымен айналысты. Зерттеу жұмыстарының практикалық бөлімін Киевтің политехникалых институтында және атақты авиаконструктор О.К.Аетоновтың конструкторлық бюросында жүргізіп, жақсы нәтижелерге жетті. Жас ғалымның ғылыми нәтижелеріне ҚСРО Ғылым Академиясының академигі Ю.А.Митропольский, Украина ғылым Академиясының академиктері Г.Е.Пухов пен И.М.Поситковтар өте жоғары баға берген. Жерлесіміздің жұмыстарының нәтижелері Украина Ғылым Академиясының Баяндамаларында(Доклады АН УССР) жарық көрді. Диссертациялық жұмыста алынған нәтижелерді авиациялық техникада, ұшу аппараттарын алыстан басқаруда пайдаланатын болды.

Шәкірті де ұстазына еліктеп, салауатты өмір салтын тыянақты тұтынады. Бақытбек Сейсенұлы бүгінге дейін спортпен, қол еңбегімен айналысады, ғылыми жетекшісінің ұсынысымен әлемге әйгілі А.Довженко атындағы киностудияда «Захар және Беркут» атты кинофильмге түсу мүмкіндігіне де ие болды.

Бақытбек Сейсенұлы тек техника саласындағы ғылыми жұмыстарымен ғана шектелмей, өз ғылыми өрісін одан әрі кеңейтіп, қазіргі ғылым мен техниканы математикаландырудың әдіснамалық мәселерін жан-жақты талдау мақсатында философиялық зерттеу жұмыстарына көшті. Осы мақсатына жету үшін ол Қазақстан Республикасының Ғылым академисяның философия және құқық институтының доктарнтурасына түседі де, «Ғылым және техника, философия» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғап, философия ғылымдарының докторы дәрежесін алды.

Өз ісіне деген шынайы берілгендіктен, Бақытбек Сейсенұлы ғылым жолына дендей кіріп, үлкен нәтижелерге жетті. Осы ғылыми зерттеулерге байланысты Бақытбек Сейсенов 58 ғылыми, 95 әдістемелік еңбектің, оның ішінде 5 іргелі монографияның авторы. Оның философия ғылымына қомақты қосқан үлесі, әрине, физика, техника, математиканың философиялық проблемаларын батыл да шынайы зерттеуі. Себебі, аталған проблемалар философия ғылымында әлі детолық зерттелмеген деуге болады.

Ғалым Б.С.Сейсенов еліміз үшін жас ғалымдарды да дайындауға өз үлесін қосуда. Бірнеше ғылым кандидаттарының, аспиранттар мен магистранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасады. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі саяси және философия ғылымдарының доктор ғылыми дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі де болды. Оның шәкірттері республикамыздың қоғамдық өмірінің әр салаларында қызмет етуде.

Бақытбек Сейсенұлының негізгі ғылыми бағыты – электромеханикалық жүйеге жатаын арнаулы электрлік машиналардың жаопы теориясыеа, ғылыми-техникалық білімді математикаландырудың методологиялық және философиялық мәселелеріне, адам танымы дамуындағы адам мен техниканың қарым-қатынасын талдауға, физиканы, ЭЕМ- ді, электротехникалық, жал техникалық пәндерді оқытудың әдістемелеріне арналған. Ғылымның шыңына шыққан, сүйектің жілік майындай Бақытбек Сейсенұлы арманына жеткен бақытты адам екені рас.

Профессор Б.С.Сейсенов өзінің нәтижелі ғылыми зерттеуді белсенді педагогикалық және қоғамдық қызметімен де ұштастыруда. Еңбек жолын мектептің мұғалімінен бастаған ол, міне, қырық жылдан артық уақытта жоғары оқу орындарында үздіксіз ұстаздық етуде. Қазір ол Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің философия және мәдениеттану кафедрасының профессоры болып қызмет атқаруда. Ол сонымен қатар Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біоіктілігін арттыру, қайта даярлау институтының қоғамдық пәнлер кафедрасының профессорлық қызметін қосымша атқаруда. Қызылорда «Қызмет» колледжінің ашылуына ат салысып, облыстағы кәсіптік орта білім беру жүйесін дамытуға да зор ұлесін қосуда.

Бақытбек Сейсенұлының ерекшелігінің бірі – еңбекқорлығы. Ол еліміздің білім беру саласындағы өзгерістерді жан-тәнімен сезініп, Қызылорда облысында тұңғыш рет жеке оқу орнын ашқан. Сөйтіп. Қызылорда қаласында экономика, экология және құқық академиялық унивепситетінің ректоры ретінде осы өңірдің экономика, экология және құқық мамандықтары бойынша сұранысын қамтамасыз етуге елеулі еңбек сіңірді.

Ұлағатты ұстаз Бақытбек Сейсенұлы – ұстаздардың ұстазы деуге болады. Оның студенттерге дәріс беру үлгісі, сабақ барысында проблемалық мәселелерді көтеруі және шәкірттерін оқуға қызықтыруының өзі бір үлкен өнеге деуге болады. Сондықтан да ұстаз ретінде профессор Б.С.Сейсенов студенттер арасында зор беделге ие болып, оларға үлгі бола білді. Өз ұстаздарының үлгісімен , оның көп шәкірттері ұстазының жолын қуып, өмірлерін білім мен ғылым саласына арнады. Олардың мысалын көптеп келтіруге болады. Тіпті, кейбір шәкірттері өз ұстазының жолын қуып, Украинада ол айналысқан ғылыми салада зерттеу жұмыстарын жүргізді. Әрине, шәкірттеріне үлгі болатын ең басты қасиеттері – оның еңбекқорлығы, мәдениеттілігі, рухани байлығы, міне, осы тамаша қаситтерімен өзі жүрген ортада ұлағатты беделге ие болды.

Бақытбек Сейсенұлы ұстаздық жолында тәрбие мен білім беру және ғылымға қосқан ерен ерен еңбектері жоғары бағаланып, Білім және ғылым министрлігінің Грамотасымен, Халық ағарту ісінің үздігі атағымен, облыс әкімі мен мәслихатының грамоталары мен төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталды, өзі туған Қармақшы ауданының құрметті азаматы атағына ие болды.

Қонған бақ, орындалған арман тек талаппен ғана шектелмейді. Ол үшін отбасы- ошаққасының дұрыстығы, балалар бақыты, ұрпақты одан әрі жалғастыру, сүйген жардың адалдығы басты мәселе. Расында, қойған мақсатқа жету үшін нағыз көмекшісі, қолдаушысы өзінің сүйіп қосылған жары Күмісай болды. Киевте оқығанда Күмісай жас балаларымен үйдің ауыртпашылығын өз қолында ұстады. Бақытбектің алаңсыз жұмыс істеуіне жасап бақты. Өмірде ақ босағасының береке бірлігін сақтап, алтын босағалы шаңырақ күмбезін көкке көтерген, аналық пен адалдықты аялап, азаматының қадір-қасиетін бағлағап, абырой атағын кемітпеген, балаларына мейірімді ана, жолдастарына ақжарқын дос бола білген асыл жарды қалай әспеттесек те жарасады. Күмісай білікті мұғалім болуымен қатар, Бақытбекке төрт перзент сыйлады, олардың тәрбиесіне де сүйікті жарын көп алаңдатпай, еліміздің үлкен азаматтары етіп тәрбиеледі. Перзенттері қазіргі заманның талабына сай білім алды.

Орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстойдың: «Отбасында бақытты адам – ең бақытты адам» деген ұлағатты сөзі бар. Тап осыны Бақытбек Сейсенұлының отбасынан көргендей боласың.

«Халыққа адал қызмет етпесеңіз, абырой-атақ деген келе ме оңай» деп ақын жырлағандай, Бакеңе зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілей отырып, еліне, халқына ерен еңбегінің қызығын көрсін, жемісін жесін дейміз Өзіңізге сарқылмас күш- қуат, үлкен құрметпен көпшілік қауым арасында жарық жұлдыз болып жүре беріңіз.

Р.Б. Әбсаттаров. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторантура Институтының саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндерінің кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының докторы, профессор.

1089 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы