• Қаржы
  • 15 Сәуір, 2014

Алматы бюджеті 39 млрд. теңгеге ұлғайды

Алматы бюджеті 39 млрд. теңгеге, оның ішінде 21 млрд. теңге - жергілікті бюджеттің есебінен, 18 млрд. теңге республикалық бюджеттің есебінен ұлғайды. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов  «Алматы бюджетін нақтылау» атты жиналыста мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы бірінші тоқсан бойынша бізде оң динамика қалыптасты. Инвестициялар бойынша өсім 122 пайызды құрап, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс салаларында да өсу үрдісі байқалды», -  деді ол. Әкім бірінші тоқсандағы қарқынды сақтап қалудың маңыздылығын атап өтті.

«Оң нәтиже біздің бюджетіміздің табыс келтіретін бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік беріп отыр. Жергілікті бюджеттен біз қосымша 21 млрд. алып отырмыз, ал республикалық бюджеттен трансферт ретінде 18 млрд. алдық. Нәтижесінде бюджет 39 млрд. теңгеге ұлғайды. Мұндай сан бұрын-соңды болған емес», - деп қорытындылады ол.

Қала басшысының айтуынша, Алматының дамуында Елбасының 27 наурызда өткізген кеңесі үлкен рөл атқармақ. Жиналыс барысында Мемлекет басшысы қаланың дамуына байланысты бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, бірнеше хаттамаға қол қойған болатын. Атап айтқанда, бюджетті кезекті нақтылау кезінде қосымша қаражат бөлу жайлы үкіметке тапсырма берілді.

«Ендігі кезекте алғашқы қарқынды жоғалтып алмай, қаламызды дамыту, көркейту жолында одан әрі белсенді еңбек ету керек», - деді А.Есімов. 

477 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы