- Қаржы
- 15 Сәуір, 2014
Банктерге ұлттық қордан 250 млрд. теңге бөлiнеді

Банктердiң нашар активтерiне қатысты мәселенi шешуге ұлттық қордан 250 млрд. теңге бөлiнедi. Бұл туралы ҚР Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Ерболат Досаев мәлiм еттi деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нашар активтердi қаржыландыру және сатып алу мақсатында 2014 жылы құрылған «Проблемалық несиелер қоры» АҚ капитализациясы жоспарлануда», - деп атап өттi министр. Оның сөзiне қарағанда, 2014 жылдың 1 шiлдесiнде аталмыш қордың қызмет ету тұжырымдамасы қабылданады.
Сонымен қатар 1 шiлдеден бастап зейнетақы активтерiн басқару тұжырымдамасын да қабылдау көзделіп отыр.

456 рет
көрсетілді0
пікір
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *