• Қаржы
  • 16 Сәуір, 2014

2014 жылғы ақпанда халықтың ақшалай табыстары 56 618 теңгені құрады

2014 жылғы ақпанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 56618 теңгені құрап, 2013 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,9%-ға артты. Нақты ақшалай табыстар 3,3%-ға өсті деп хабарлайды ҚР Статистика Агентігінің баспасөз қызметі.

2014 жылғы ақпанда орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,1 -1,6 есеге артық.

2014 жылғы ақпанда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 61,9%-дан 83,1%-ға дейін құрады. Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Атырау және Алматы облыстарында белгіленді.

2014 жылғы ақпанда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады (2013 жылғы ақпанда – 3,1 есе).

2014 жылғы ақпанда халықтың ақшалай табыстары 56 618 теңгені құрады

 

Орындаушы:

Еңбек және тұрмыс деңгейі
статистикасы департаментінің директоры

Баспасөз қызметі:

Мекенжайы:

Жексенова Айнұр

        В.Е.Евстафьев

Алимова Динара

010000, Астана қаласы

тел. 8(7172) 74-98-00

       тел. 8(7172) 74-90-22

Телефон: 8(7172) 74-92-57

Сол жағалау, Орынбор көшесі, 8

A.Jexenova@stat.kz

-

D.Alimova@stat.kz

Министрліктер үйі, 4 кіреберіс

 

628 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы