• Бизнес & Қоғам
  • 10 Қараша, 2011

Қазақстан Республикасының ШЫҰ төрағалығы: атқарылған жұмыстар, нәтижелері

Қазақстан Республикасы халықаралық қатынастарда біртіндеп маңыздылығы мен рөлі артуда. Оған дәлел – халықаралық ықпалды ұйымдарға мүшелік, одан жоғарғысы төрағалық етуі. Негізінен Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде елеулі жетістіктерге жетті. Көптеген сарапшылар ТМД елдерінің ішіндегі дамудың “қазақстандық жолын” атап көрсетеді, өйткені ҚР “Қазақстан 2030” стратегиясына сәйкес ұлт дамуының ұзақ уақыттық мақсаттары және нақты жолдары бойынша және ең бастысы сыртқы саясатының басты стратегиялық қағидаларына сәйкес мемлекеттік өсудің ең тиімді және әсерлі үлгісін көрсетеді.

Әрине осындай жағдайлар ҚР халықаралық аренада деңгейінің артуына алып келеді. Соның нәтижесінде Қазақстан ықпалды әлемдік маңызы зор ЕҚЫҰ, ИКҰ және ШЫҰ халықаралық ұйымдарға төрағалық етуге қол жеткізді. Осы ұйымдардың ішіндегі Орталық Азия елдері үшін әсіресе оны құраушы мүшесі ретінде Қазақстан үшін ШЫҰ ерекше орын алады. Ал ШЫҰ дегеніміз жаһандық қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлшегі болып саналатын субаймақтық серіктестіктің жаңа формасы ретінде халықаралық қатынастарда маңыздылығы өте зор. Сондықтан Қазақстанның бұл ұйымға төрағалық етуі біріншіден ел үшін, екіншіден халықаралық қатынастар жүйесі үшін өз ықпалын тигізді.

«Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына Қазақстанның төрағалығы: атқарылған жұмыстар мен нәтижелер» атты тақырыптағы дөңгелек үстелді 26 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасы аясындағы «Шығыс жұлдызы» үйірмесі ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты студенттердің ШЫҰ-на Қазақстан Республикасының төрағалығы туралы білімдерін тереңдетіп, өз ойларын түсіндіре алу, жұрт алдында сөйлей білу қабілетін нығайту болып табылды. Баяндамашы студенттер осы ұйымға мүше ұлы державалар Қытай мен Ресейдің ұйымдағы орны мен рөлін, осы алып мемлекеттер ортасында көпвекторлы саясат ұстанып отырған Қазақстанның орны мен рөлін саралай отырып, ұйымның интеграциядағы, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, энергетикалық қауіпсіздіктегі орны жан-жақты талқыланды. Ұйымдағы Қытайдың жүргізіп отырған саясаты мәселесі қызуқанды пікірталасқа арқау болды. Еліміздің болашағы саналатын жас дипломат студенттер мәселені талқылауда нақты мәліметтермен дәйекті сөйлеуге талпыныс жасады, пікірталасқа түсіп, өздерінің белсенділігін көрсетті. Дөңгелек үстелге профессор Н.Мұхаметханұлы сарапшы болып, Қытай еліне қатысты мағлұматтар берді.

ШЫҰ Қазақстанның төрағалық етуінің маңыздылығы өте жоғарғы деңгейлі болды, сонымен қатар ерекше орынды Астана саммиті мен декларациясы алады. Еліміздің сыртқы саясатының стратегиясы бойынша ұйымдарға мүше болып одан кейін төрағалық ету ұстанған бағытымыздың жемісті екенін көрсетеді. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сөзі бойынша «Біз қабылдаған шешімдерді жүзеге асыруымыз керек, себебі бұл ШЫҰ негізі» осындай шешімдер нәтижесінде Қазақстанның төрағалығы халықаралық қатынастарда маңыздылығы арта түседі.

Бинұр БАЛАУБАЕВА,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар мен әлемдік экономика кафедрасының аға оқытушысы

1289 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы