• Қаржы
  • 01 Мамыр, 2014

Түріктер индустриялық аймақ құруға көмектеседі

Орал қаласына іссапармен келген түрік делегациясы облыс басшылығымен кездесіп, қазақ-түрік бірлескен индустриялық аймағының құрылысы мүмкіндіктерін қарастырып, талқыға салды.   

Түрік делегациясының басшысы, «Икетели искубир» индустриялық аймағы директорлары кеңесінің төрағасы Юсуф Аккунның айтуынша, Түркияда  280-нен астам индустриялық аймақ түрлі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Ондай аймақтар бұдан 50 жыл бұрын салына бастаған. Түріктер индустриялық аймақтарды тек өз елінде емес, Эфиопияда да құрған.  
Ыстамбұлдағы Едитеп универси­те­тінің құрылтайшысы Алтай Бурак Далан жоғары оқу орнының құрылымы мен жетістіктері жөнінде әңгімелеп берді. «Университетіміздің жанында өз ауруханамыз бар, онда сирек оталар, соның ішінде обыр ауруларына қарсы оталар да жасалады. Біз өңірде бизнес саласы­нан өзге медицина саласында да әріптес­тік орнатып, бірлесе жұмыстанғымыз келе­ді», – деді ол. 
Түркиядан келген қонақтардың пікірінше, Батыс Қазақстан өңірінің эко­но­ми­калық әлеуеті жоғары, облыста машина жасау және мұнайгаз саласының қуатты өндірістері орналасқан. Мұның өзі индустриялық аймақ құрылысының интенсивті жүруіне және өңірдің одан әрі дамуына әсер етеді.  
– Индустриялық аймақтарда халық тұтынатын тауарлардың барлық түрі түймеден бастап көліктің қосалқы бөл­шектеріне дейін шығарылады. Индус­триялық аймақтар – бұл дайын инфра­құрылымдар, олар өз соңдарынан инвес­тициялар тартады, – деді БҚО әкімінің орынбасары Марат Кәрімов.
Делегация Орал шаһарының басшы­лығымен де кездесті.  Әңгіме өзегі өңірді дамыту үшін индустриялық аймақ құру және кәсіпкерлікті қолдау болды. Орал қаласының әкімі Алтай Көлгінов БҚО-да кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдай жасалғанын, мемлекеттің кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, гранттар түрінде тиісті қолдау-көмегін беріп отырғанын айтты.  Сонымен қатар экономикаға инвестиция құйып, жергілікті бизнесті дамытуға жәрдемдесетін инвесторларға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Юсуф Акун облыс басшылығымен өңірде ин­дус­триялық аймақ құрылысын салуға нақты көмек көрсету жөнінде облыс басшылығымен алдын ала келісім жа­сал­ғандығын атап көрсетті.
Бұдан кейін түрік делегациясы облыс әкімінің орынбасары Марат Кәрімовтың бастауымен индустриялық аймақ салынатын Зеленов ауданындағы Белес ауылында болды. Таңдаудың бұл ауылға түсуінің мәнісі бар, мұнда темір және автокөлік жолы, газ және су құбыры, электр желісі тартылған. Осы ауыл маңында қуаты 200 МВт болатын газ турбиналы электр стансасының құрылысы басталған. ГТЭС-ның құрылтайшысы «Батыс Пауэр» компаниясының басшысы Жасұлан Жақыповтың айтуынша, компания индустриялық аймаққа арзан бағамен электр қуатын босата алады. Меймандар келешек индустриялық аймақ аумағына тартылатын  жерасты суының тереңдігін, автокөлік жолының алыс-жақындығын және өзге де мәсе­ле­лерді сұрап білді. 
Түріктер тарапынан оң шешім болып жатса, құрылыс жұмыстары алдағы жылы басталады деп күтілуде. 
 

Гүлбар ДЫБЫСҚАЛИ,
Батыс Қазақстан облысы

610 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы