• Билік
  • 11 Мамыр, 2014

ҚР заңның үстемдігін нығайтуда көшбасшылығын сақтап келеді - Оңтүстік Калифорния университетінің профессоры

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Оңтүстік Калифорния университетінің құрметті профессоры Честер Ньюландтан хат келді. Өз хатында профессор Қазақстанның әлеуметтік, экономикалық және саяси жетістіктеріне, оның өңірлік әрі жаһандық көшбасшы ретіндегі 1992 жылдан бергі орнықты дамуына тоқталған, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Ч.Ньюланд Тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында жүргізілген өзгерістерді іске асыру кезіндегі батылдықты ерекше атап өткен. «Зейнеткерлер мен өзге де көпшілік көмекке аса мұқтаж болған қиын кезеңдегі Сіз бен біздің аз уақыт қана кездескеніміз есімде. Сіз халықтың атынан олардың күнкөрісіне ғана емес, Қазақстанның жарқын болашағына кепілдік бере отырып, сенімді әрекет еттіңіз. Астананың қалыптасуының алғашқы кездеріндегі көптеген қиындықтар да ойға оралады, қазір бұл  сол кезде көптеген сын-қатерлер қарсаңында тұрған елдің ең бір көреген шешімі ретінде мойындалып отыр», - деп жазады автор. Профессор қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясы елдің одан әрі орнықты дамуын қамтамасыз етеді деген пікірін білдірді. Сондай-ақ, ол   Қазақстанның бүгінде конституциялық институттардың нығаюы, заңның үстемдігі саласында көш басынан көрінуін жалғастырып отырғанын айтады. Ч.Ньюланд саяси лауазымға тағайындалатындар санының қысқартылуы, «А» басқарушылар корпусының құрылуы және Мемлекет басшысының басшылығымен мемлекеттік қызметтің кең ауқымда кәсібилендірілуі маңызды жетістіктер екеніне назар аударған. Хатының соңында автор Қазақстанға әлемдегі жаһандық сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған айрықша рөлі үшін ризашылық, сондай-ақ еліміздің одан әрі қарай қарқынды дамуына деген сенім білдіреді.

895 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы