• Ақпарат
  • 12 Мамыр, 2014

Б. Әбдірайым ҚР Әділет вице-министрі болып тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Бақытжан Жарылқасынұлы Әбдірайым 1965 жылы 13 мамырда туған.

С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дың заң факультетін, аспирантураны және РҒА мемлекет және құқық институтының докторантурасын үздік бітірген.

«Тұран» университетінің қаржы-экономикалық факультетін бітірген.

1984-1986 жылдары Қарулы Күштер қатарында қызмет етті.

1992-1993 жылдары ҚР Мемлекеттік арбитражының экономикалық кеңесшісі және мемлекеттік арбитры қызметін атқарды.

19931995 жылдары ҚР Жоғары Арбитражды Сотының судьясы,

1995-2002 жылдар ҚР Жоғарғы Сотының судьясы.

2001-2002 жылдары ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, ҚР Судьялар Одағының төрағасы

2002-2006 жылдар ҚР Парламентіндегі ҚР Президенті Өкілдігінің Басшысы

2006 жылы ҚР Парламенті Сенатының Аппарат Басшысы

2006-2007 жылдары Ақмола технология және бизнес университетінің ректоры

2007 жылы ҚР Жоғарғы соты жанындағы сот әкімшілік жөніндегі комитет төрағасы

2007-2008 жылдары ҚР Парламентіндегі ҚР Президенті Өкілдігінің Басшысы

2008-2011 жылдары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры

2012-2013 жылдары «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» АҚ-ның Президенті

2013 жылдың 2 қазанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болды

Үйленген, 6 бала тәрбиелеп отыр.

842 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы