• Бизнес & Қоғам
  • 13 Мамыр, 2014

2014 жылғы сәуірдегі еңбек нарығындағы жағдай

Республика экономикасында 2014 жылғы сәуірде, бағалау бойынша 8,6 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда олардың саны 66,6 мың адамға немесе 0,8%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 6,0 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 69,6%) құрады деп Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 

2014 жылғы I тоқсан деректері бойынша өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 66,6%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 33,4% құрады.

 

2014 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 465,8 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2014 жылғы сәуір айының соңына 60,4 мың адам («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысатындар құрамына енгізілген тұлғалардың есебінсіз) ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7%-ын құрады (2013 жылғы сәуірде – 0,7%).

 

2014 жылғы 1 сәуірге бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4%-ын құрады.

 

Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.

 

Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) – қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген  әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.

 

Жасырын жұмыссыздық деңгейі – толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.

 

 

1756 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы