• Ақпарат
  • 13 Мамыр, 2014

Бүгін Алматыда екі рет жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмологиялық стансалар желілері 2014 жылдың 13 мамыры күні Алматы уақыты бойынша 01 сағат 38 минут 35 секундта және 07 сағат 18 минут 36 секундта жер сілкінісі болғанын тіркеді.

Алғашқы зілзала кіндігі Алматының шығысына қарай 140 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан, ал екіншісі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 185 шақырым қашықтықта Қырғызстан территориясында орналасты.

Алматыдан 140 шақырым қашықтықтағы жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым, күші 8.4 балл, магнитудасы MPV 3.7-ге жеткен.
Ал қаладан 185 шақырым қашықтықта болған жер сілкінісінің тереңдігі - 20 шақырым, күші 9.9 балл, магнитудасы MPV 4.6. 

Жер сілкінісінің сезілгендігі туралы ақпарат жоқ. 

ҚазАқпарат

 

1244 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы