• Ақпарат
  • 13 Мамыр, 2014

Валюта бағамына енгізілген түзетулер ел экономикасына оң серпін берді - ҚР Ұлттық банк төрағасы

Валюта бағамына енгізілген түзетулер ел экономикасына оң серпін берді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

 

«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ағымдағы есепшоттың оңтайлы сальдосына қол жеткізілді. Оның көлемі 5,5 млрд. долларды құрады. Мысалы, бізде өткен жылы ағымдағы шоттың төлем балансының теріс сальдосы қалыптасқан еді. Оның деңгейі минус 118 млн. доллар көлемінде болды. Яғни, осы орайда жүргізілген валюталық түзетулерге экономиканың оңтайлы қарқыны айқын байқалуда», - деді ол.

 

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы 2014 жылы инфляция 6-8 пайыз дәлізінде болатынын атап өтті.

 

«Сәуірде инфляция 0,6 пайызды құрады. Бірінші тоқсанда инфляция деңгейі 3,3 пайызды құрады. Ал төрт айдың қорытындысы бойынша оның деңгейі 3,9 пайызды қамтыды», - деді ол.

 

Қ.Келімбетовтың сөзіне қарағанда, ақпандағы инфляция серпілісін есепке алмағанда, елімізде оның деңгейі қалыпты дәлізге түсіп отыр.

1177 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы