• Ақпарат
  • 14 Мамыр, 2014

ЭКСПО көрме кешені 26 нысанының құрылысы 26 айдың ішінде жүзеге асырылады

ЭКСПО көрме кешеніндегі Қазақстанның ұлттық павильонының құрылысы бір айдан кейін басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім болды, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ көрме кешенінің барлық 26 нысанының құрылысын 26 айдың ішінде жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде халықаралық, корпоративтік және тақырыптық павильондар, тұрғын үй кешендері, мектеп, балабақша, қонақ үй, конференц және баспасөз орталығы, ЭКСПО-кеңсе, Энерджи холл, коммерциялық және сауда аумақтары, ЭКСПО-плаза, көркемдік орталық секілді нысандар қамтылған.

 

«Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ құрылысы бойынша Басқарма төрағасының кеңесшісі Қанағат Тлемісовтің сөзіне қарағанда, жалпы құрылыстың белсенді кезеңі 2015-2016 жылдарға сәйкес келеді. Көрме кешенінің тұтастай салынып аяқталуы 2016 жылдың желтоқсанына жоспарланып отыр. Айта кетейік, кешеннің жалпы ауданы 173,4 гектар жерді қамтымақ. Оның 148 гектарына тұрғын үйлер, мәдени-әлеуметтік нысандар, ойын-сауық орындары, ал 25 гектарына көрме кешені салынбақ.

2267 рет

көрсетілді

251

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы