• Ақпарат
  • 14 Мамыр, 2014

Өткен жылы 131,8 млрд. теңге республикалық бюджет қаржысы игерілмеді

Өткен жылы 131,8 млрд. теңге  республикалық бюджет қаржысы игерілмеді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин мәлім етті, деп хабардайды ҚазАқпарат.

 

«2011-2013 жылдары экономика өскен тұста жыл сайын орташа алғанда 10 және одан да көп пайыз номиналды мәнде жалпы ішкі өнімге шаққандағы бюджет кірістерінің үлесі шамамен 3 пайызға қысқарып, 24,6 пайызды құрағанын анықтадық.  Бұған қоса  экономика салаларының жалпы қосылған құнының көлемі мен бюджетке түскен түсімдер көлемінің өсіміне парапар байланыссыздық байқалады», - деді ол.

 

Қ.Жаңбыршиннің атап өтуінше, республикалық бюджет параметрлерінің бірнеше мәрте нақтыланып, түзетілгеніне қарамастан бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 2013 жылғы қаражатты жеткілікті дәрежеде тиімді пайдаланбаған.

 

«Үкіметтің есебі бойынша 43,2 млрд. теңге  республикалық бюджет қаражаты игерілмеген.  Біздің бағалауымызша, іс жүзінде бұл сома 131,8 млрд. теңге мөлшерінде қалыптасты. Оның 43,2 млрд. теңгесін орталық мемлекеттік органдар игермеген. Жергілікті атқарушы органдар пайдаланбаған және мақсаты бойынша пайдаланылмаған 26 теңге нысаналы трансферттерді  бюджетке қайтарған.  Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарын ұлғайтуға және ағымдағы дамуына бөлінген қолма-қол ақшаның олардың бақылау шоттарында қалған қалдығы 62,6 млрд. теңгені құрады»,- деді комитет төрағасы.

969 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы