• Ақпарат
  • 14 Мамыр, 2014

Қазақстандықтар енді «Bank of America» корпорациясының акцияларын Қазақстан қор бижасынан теңгеге сатып ала алады

Қазақстандықтар енді «Bank of America» корпорациясының акцияларын Қазақстан қор бижасынан теңгеге сатып ала алады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспсөз мәслихатында Қазақстан қор биржасының вице-президенті Идель Сәбитов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Оның айтуынша, қазір сауда жақсы жүріп жатыр. «Сауда 4 мамыр күні ашылған болатын. Әзірге акциялар 6 миллион теңгеге сатылып кетті. Әрбір акцияның орташа бағасы - 2700 теңге. Соның өзінде белсенділік рейтингі бойынша акция екі аптаның ішінде жетінші орынға көтерілді», - деді өзі сөзінде Идель Сәбитов. Қазақстан қор биржасына шетелдік компанияның құнды қағаздарын тұңғыш рет «Фридом Финанс» АҚ орналастырып отыр.

 

«Біз бұл жобаны қазақстандық клиенттер үшін жасадық. Біз тиісті заңнамаларға өзгеріс енгізілген соң, халықаралық қор биржаларында сатылып жүрген ірі компаниялардың ақцияларын елімізге әкелуге мүмкіндік алдық. Ең алғашқы қадам - бұл осы «Bank of America» қаржы корпорациясының акциялары болды. Өйткені бұл әлемдегі ірі қаржылық ұйым. Американың жинақ банкісі десе де болады. Енді әрбір қазақстандық азамат Қазақстан қор биржасына келіп, қазақстандық депозитарийге ақша салып, бір күннің ішінде шетелдік компанияның акциясының иегері болып шығады. Ал кейін, қаласа оларды долларға сата алады», - деді өз сөзінде «Фридом Финанс» АҚ бас директоры Тимур Турлов

 

Жалпы, «Bank of America» корпорациясының Қазақстан қор биржасындағы портфелі 1,5 миллион долларға бағаланып отыр.

1488 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы