• Бизнес & Қоғам
  • 14 Мамыр, 2014

Бухгалтерлік білім базасы

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің миссиясы – білім беру, ғылым мен инновациялық қызметтің тиімді ықпалдастығы негізінде, қазіргі интеллектуалды талаптарға және Қазақстан Республикасының Даму стратегиясына сай кадрлық әлеуетті – жаңа формацияның мамандарын қалыптастыру болып табылады.

Білім мен ғылымның  киелі ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2014 жылы өзінің  құрылғанына 80 жылдық мерей тойын атап өтеді. Бұл атаулы даталы күнге университеттің ең ірі Экономика және бизнес Жоғары мектебі де дайындық үстінде. Экономика және бизнес Жоғары мектебі құрамындағы  «Есеп және аудит» кафедрасы  бакалавр, магистерлерге оқыту бойынша отандық білім беру жүйесіне өз үлестерін қоса отырып экономика саласына кәсіби мамандар дайындауда.

Кафедраның қалыптасу тарихына  көз жүгіртсек, 1957 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген экономисті, экономика ғылымдарының докторы, профессор Бутин М.Е. алғаш рет М.С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік универсиететінің бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау кафедрасының ұйымдастырушысы және негізін қалаушысы болды. Аталған кафедрада 1960-1963 жылдары белгілі ғалым, Қазақстан Республикасының ғылым және  техника қайраткері,  э.ғ.д., профессор В.К. Радостовец  мұғалім, аға мұғалім және экономика факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарған. 

Казақ  мемлекетік университетінің  бухгалтерлік есеп және шаруашлық қызметін талдау мамандығының алғашқы түлектері профессор, академик ҰҒА -ның академигі С.С. Сатубалдин,  э.ғ.д., профессор, академик ҰҒА-ның академигі К.Н. Нарибаев, э.ғ.д., профессор А.Ш.Нурсеитов,  э.ғ.д., профессор ҚР аудиторы К.Ш. Дюсембаевтарды атап өтуге болады.

1963 жылы экономика факультеті негізінде арнаулы халық шаруашылығы институты болып қайта құрылды.

ХХ ғасырдың 1991 жылдарында  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында экономика факультеті қайта жаңғырды. «Есеп және аудит» мамандығы бакалавриат бағдарламасы бойынша -1998 жылдан, магистратура  бойынша 2004 жылдан  бастап мамандар дайындауда. 2004 жылдан бастап бизнесті жүзеге асыру құралы ретіндегі бухгалтерлік есептің қыр-сырын студенттерге жеткізіп, білікті мамандарды даярлауды мақсат тұтқан «Есеп және аудит» кафедрасы өз алдына бөлек қызметін атқара бастады. Бұған дейін де бұл сала назардан тыс қалған емес. Аталмыш мамандық иелері «Маркетинг және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы шеңберінде және 2001 жылдан бастап «Қаржы және аудит» кафедрасы құрамында даярланған болатын.   

Сол кездерден бастау алған біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үрдісі бүгінгі күнгі Елбасымыз анықтағандай Стратегиялық мақсаттарға сай өз жалғасын табуда.

Бүгінгі жоғары кәсіптік білім беру жүйесін модернизациялау кезеңінде білікті мамандар даярлауға жоғары талаптар қойылуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз отандық білім беру жүйесіне қалауларына сәйкес қашықтан оқытуды және онлайн режімінде оқытуды қоса алғанда инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз»- деген.

Қазақстандық білімді модернизациялау тұжырымдамасында барлық деңгейдегі мамандардың кәсіби дайындығының сапасын көтеру қажеттілігі белгіленген.

Білім беру мазмұнын жаңалаудың маңызды тұжырымдамалы жағдайы құзыреттілік тәсілді ұсыну болып табылады. Мұндағы негізгі мақсат мамандарды дайындау сапасын қамтамасыз ету. Бухгалтерлік кәсіптік білім беру мәселелері де Қазақстанның Болон үдерісіне қосылуынан туындап отыр және осы үдерістің басты стратегияларының бірі ретінде құзыреттілік тұрғысынан қарау қажеттілігі айқындалған.

Бухгалтерлік кадрларды дайындауда құзыреттілік - мәліметтер мен дағдыларды қарапайым қиыстыру әрекеті ғана емес, есеп тәжірибесіндегі нақты міндеттерді орындай алатын сапалы дайындық тәсілі ретінде қарастырылады. 

Бухгалтерлік есеп саласындағы қазіргі білім қоғамдық тәжірибенің күрделі формасы болып табылады. Оның қазіргі тарихи кезеңдегі орны мен ролі айрықша әрі бірегей. Бүгінде қазақстандық білім жүйесі қоғамның даму мақсаттарын жүзеге асыратын ауқымды әлеуметтік институт ретінде қарастырылады. Бухгалтерлік есепті реформалау жағдайында жаңа нысандарға бейімделуді жүзеге асыруға және дамудың жаңа тұспалдарын көрсетуге білім ғана мүмкіндік береді.

Инновациялық білім тұжырымдамасын құрайтын жетекші қағидалардың бірі болашақ кәсіби кадрлардың қабілетін дамыту табылады.

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға көшу уақытында экономистер және оның ішінде ұйымдардың бас бухгалтерлеріне қатыстысы білімге деген талаптар түбегейлі өзгерді. Соңғы жылдары бұрын бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте бейнеленуі қарастырылмаған көптеген шаруашылық операциялар пайда болды. Бұл бухгалтерлік есептің нормативті-құқықтық базасын тиянақты өзгертуге ықпал етіп, қабылданған халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен халықаралық аудит стандарттарына сәйкес бұл базаға қарқынды өзгертулер және түзетулер енгізілді. Осы тұрғыдан болашақ жоғары экономикалық білімді бухгалтерлерге оқу үдерісінде берілуге тиісті мәліметтер көлемі үнемі артып отыр.

Бухгалтерлік білімді инновациялық тұрғыдан дамыту келесі қағидаларға негізделеді: озыңқы даму қағидасы; инновациялық дамуды жобалау қағидасы; білімнің ашықтық қағидасы; білімнің үздіксіздік қағидасы; білім беретін ортаның жаңашылдық қағидасы.

Кәсіби дайындық кезеңінде кәсіпқой маманды белсенді субъект ретінде  олардың компоненттері мен мазмұнының ғылыми негізіне сай таңдаусыз қалыптастыру мен дамыту мүмкін емес. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Есеп және аудит» кафедрасында жаңа білім беру моделінің негізгі элементтері «Есеп және аудит» мамандығының кәсіби білім беру бағдарламасының ерекшеліктеріне сәйкес құрастырылған Негізгі оқу бағдарламасымен ұсынылған. Білім беру бағдарламасының негізгі модульдерін меңгеру нәтижесінде қазақстандық қоғам үшін құзырлы, креативті тұлғалар қалыптастыруға мүмкіндік туады.

Бағдарламаның негізгі модульдерін өткеннен кейін студенттер мамандандырылған модульдерді таңдайды, ол келесі мамандану бағыттарының бірі бойынша тереңірек білім алуына мүмкіндік береді:

-                         Қаржы ұйымдардағы бухгалтерлік есеп

-                         Нарықтық инфрақұрылымның бухгалтерлік есебі

-                         Аудит

-                         Қаржы талдаушысы.

 Жоғары білім беру саласындағы сапа көп өлшемді тұжырымдама болып табылады. Ол барлық қызметтер және әрекет түрлерін қамтуы керек: оқу бағдарламалары, ғылыми зерттеулер және білім беру ортасы.

Бақыт СҰЛТАНОВА, 
әл-Фараби атындағы 
ҚазҰУ-нің «Есеп және аудит» 
кафедрасының меңгерушісі

1432 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы