• Ақпарат
  • 15 Мамыр, 2014

Н.Назарбаев Сарыағаш жұртшылығымен кездесті

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Сарыағаш ауданындағы «Био Семена» ЖШС-да болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Сапар барысында Мемлекет басшысына өңірдегі ауыл шаруашылығының ахуалы мен оны дамыту перспективалары жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев көкөністер тұқымын және көшені безендіруге арналған ағаш көшеттерін өсіру жұмысымен танысты.

Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен және Сарыағаш ауданының жұртшылығы өкілдерімен әңгімелесті.

«Био Семена» ЖШС бағы егістігінің жалпы көлемі 60 гектар, оның 27 гектарын көше безендіруге арналған ағаштар алып жатыр, 33 гектары тұқымдық егістікке тиесілі. Бүгінге дейін кәсіпорын 250 жұмыс орнын ашқан.

737 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы