• Ақпарат
  • 18 Мамыр, 2014

Үкімет индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын мақұлдады

Қазақстан Үкіметі индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығын мақұлдады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары — Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.

«Бүгін Үкімет индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады. Мемлекет басшысы оны бекіткеннен кейін Үкімет шаралардың тыңғылықты жоспарын қабылдайтын болады», деді ол.

Оның атап өтуінше, екінші бесжылдық төрт бағыт бойынша дамытылатын болады.

Біріншісі, макроэкономикалық тұрақтылықты және қаржылық базаның өсімін қамтамасыз етуі тиісті шикізаттық сектор. Екіншісі, өсім сапасын қамтамасыз ететін өңдеу өнеркәсібі. Үшіншісі, болашақта бәсекелестікті қамтамасыз ететін инновациялық сектор. Төртіншісі, адамдарды жұмыспен қамтитын сектор.

«Осы бесжылдықта бизнестің барынша белсенді қатысуын атап өтуге болады. Атап айтқанда, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бағдарламаны әзірлеуге де, оны жүзеге асыруға да атсалысатын болады», — деді Ә.Исекешев.

682 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы