• Ақпарат
  • 18 Мамыр, 2014

Кәсіпкерлерге теңгелік ұзақ мерзімді несиелер ҮИИД бағдарламасы аясында ұсынылады — Қ.Бішімбаев

Қазақстандық кәсіпкерлерді валюталық қауіп-қатерлерден қорғау мақсатында оларға Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында теңгелік ұзақ мерзімді несиелерді ұсыну туралы шешім қабылданды, деп хабарлады бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев.

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Барлық макроэкономикалық факторларды ескере отырып, біз ҮИИД бағдарламасы аясында несиелендірудің басты құралы ретінде ұзақ мерзімді теңгелік несиелеу туралы шешім қабылдадық. Бұл кәсіпкерлерге валюталық қатерлердің алдын алуға мүмкіндік беріп, олар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді», — деді Қ.Бішімбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанның Даму Банкі несиелерінің орташа мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін.

Ол сондай-ақ  Үкімет екінші бесжылдық аясында Қазақстанның Даму банкін (ҚДБ) және оның несиелік қызметін қолдау мақсатында аталмыш банкті қаржылық қолдау, сыртқы қарыздардың түрлері үшін капитал және кепілдіктер ұсыну қарастырғанын атап өтті.

1232 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы