• Ақпарат
  • 19 Мамыр, 2014

Елiмiздегi инвестиция көлемi 180 млрд долларға жетті

2013 жылы елiмiздегi инвестиция көлемi 180 млрд АҚШ долларын, ал елiмiздiң сауда айналымы 132 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiнде ҚР ЭБЖМ Сыртқы сауда қызметi департаментi директорының мiндетiн атқарушы Әлия Әлiмбетова мәлiмдедi, деп хабарлайды Bnews.kz тiлшiсi.

«Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, бiздiң ел шетелдiк инвесторлар үшiн табысты мемлекеттердiң қатарына кiредi. 2013 жылдың соңында жалпы елiмiздегi инвестиция көлемi 180 млрд АҚШ долларын құрады. Iрi инвестициялар Нидерландыдан, Германиядан, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан, Ресейден, Франциядан, Жапониядан, Қытайдан, Канадан және т.б. елдерден тартылады», — дейдi Ә.Әлiмбетова.

Оның айтуынша, 2013 жылдың қорытындысына жүгінсек, елiмiздiң сауда айналымы 132 млрд долларға жеткен. Негiзгi сауда серiктесiміз – Еуропалық Одақ елдерi, олар жалпы тауар айналымының 41 пайызын құрайды. Сонымен қатар, Ресей 17,9%, Қытай 17%, Швейцария, Украина және т.б. мемлекеттер бар.

1394 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы