• Ақпарат
  • 19 Мамыр, 2014

Кәсіпкерлер Ұлттық Қордан өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындарды қолдауға бағытталған қаражатқа қол жеткізе бастады

ШОК-ті қолдауға бағытталған Ұлттық Қордан бөлінген қаражат аясында алғашқы несиеге қол жеткізген «Globus Plus» ЖШС (ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсу ауылы) болды. 10 жылдан астам қазақстандық нарықта консервіленген өнімдерді шығарумен және сатумен айналысып келе жатқан кәсіпорынның жобасы «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ тарапынан қаржыландырылды.

 

Аталмыш қаржылай қолдау нәтижесінде «Globus Plus» компаниясы консервілеу зауытының құрылысын аяқтап, заманауи құрал-жабдыққа ие болмақшы. 

 

Бүгінгі таңда бағдарламаға қатысушы өзге де банктерден несие алуға ниет білдірген тағы жеті жоба мақұлданған. Бұл жобалардың жалпы құны  1 млрд. 245 млн.  теңгені құрап отыр.

 

2014 жылдың 17-сәуірі күні «Даму» қоры және қазақстандық 13 екінші деңгейлі банк несиелік келісім-шартқа қол қойған болатын. Бұл шарттың аясында кәсіпорындарды несиелеу мақсатында банктер бөлінген қаржыны өңдеу өнеркәсібі саласында жобаларын жүзеге асыратын шағын және орта бизнес өкілдеріне алты айдың ішінде үлестіруі тиіс.

 

Ұлттық Қордан бөлінген 100 млрд. теңге көлеміндегі қаражат банктерге белгілі бір шарттар аясында орналастырылды. Осы қаражаттан кәсіпкерлер жылдық үстемақысы 6 пайыз болатын жеңілдетілген несиені 10 жыл мерзімге алуына болады. Займның ең үлкен мөлшері 1 850 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, ШОК өкілдері осы шара аясында өздерінің қолдарында бар несиелерін тиімді шарттармен қайта қаржыландыруларына болады.

 

«Қазіргі уақытта Қазақстанда азық-түлік өнеркәсібін дамыту өте маңызды және Ресей жинақ банкі қызықты әрі болашағы зор жобаларды қолдауға әрқашанда дайын. Аталмыш зауытта қолға алынып отырған замануи технологиялар мен өндіріс стандарты қазақстандық өндірушіні жаңа белестерге жетелейтініне кәміл сенемін», - деп «Ресей жинақ банкі» АҚ ЕБ  Басқарма Төрағасы Александр Камалов өз ойын ортаға салды.

 

        Ал «Даму» Қорының Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова несиелік қаражаттың үлестірілу үдерісін жіті қадағалайтындықтарын басып айтты: «Бүгін алғашқы ақшаның кәсіпкерлердің қолына тигендігіне қуаныштымыз. 30 күн дегеніміз – кәсіпкерлер үшін өз бизнесінің жағдайын сараптап, қажетті құжаттар жинастырып, несие рәсімдеу үшін жеткілікті деп ойлаймын. Бүгінгі таңда банктерде тағы бірнеше жоба мақұлданды, дегенмен, солардың ішінде кәсіпкерге алғашқы болып несие берген Ресей жинақ банкі болды, сол себепті аталмыш банкті шын жүректен құттықтаймын!», -деген лебізін жеткізді.

 

 

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ – «Бәйтерек» холдингі құрамына берілген         10 даму институттің бірі. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту Қордың басты мақсаты болып табылады.         

 

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Холдингті құру мақсаты ұлттық экономиканы дамыту мен әртараптандыру, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарындағы корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. 

 

Холдингтің жарғылық капиталына 10 даму институты берілді: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры»АҚ, «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, «Kazyna Capital Management», АҚ, «Стрестік активтер қоры» АҚ, «Қазақстанның ипотекалық несиелерге кепілдік беру қоры» АҚ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ.

1302 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы