• Қаржы
  • 20 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне «2013 жылғы ең үздік банкнот» марапатын беру туралы

2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Жылдың ең үздік банкноты» номинациясында кезекті марапатын алды. Бұл марапатты ағымдағы жылғы мамырда Халықаралық банкнот қоғамдастығы (International Bank Note Society) «2013 жылғы ең үздік банкнот» номинациясында түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1 000 теңгелік «Kүлтегін» ескерткіш банкнотына берді, деп хабарлайды Қазақстан респуликасының ұлттық банкінің баспасөз қызметі .

 

Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) – бүкіл әлемнің банкнот коллекционерлерінің тәуелсіз бірлестігі, ол жыл сайын өзінің www.theibns.org. сайтында интернет-дауыс беру арқылы жылдың ең үздік банкнотын таңдайды. Бұл коммерциялық емес ұйымның негізі 1961 жылы қаланған және бүгінгі күні оның әлемнің 90 елінен 2 000 астам мүшесі бар.

 

Халықаралық банкнот қоғамдастығының алғашқы «2011 жылғы ең үздік банкнот» марапаты 2012 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік ескерткіш банкнотына берілген болатын. Келесі жылы да Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үздік атанды, оның «Қазақ Елі» сериясынан номиналы 5 000 теңгелік банкноты екінші «2012 жылғы ең үздік банкнот» марапатын иеленді. 

 

Түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1 000 теңгелік «Kүлтегін» ескерткіш банкнотына берілген үшінші «2013 жылғы ең үздік банкнот» марапаты тәуелсіз Қазақстан жылнамасындағы тарихи маңызы бар сәт болып табылады, себебі осы кезге дейін бірде-бір елдің ұлттық валютасы үш марапат алып көрген емес.

 

Сыйлықты алуға 12 елдің банкноты номинант болды, олардың ішінде АҚШ-тың 100 доллары, 5 еуро банкноты, Ресейдің Сочи олимпиадасына арналған ескерткіш 100 рубльдік банкноты болды.

 

Түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1 000 теңгелік «Kүлтегін» ескерткіш банкнотын дайындаудың жоғары сапасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен шетелдік әріптестер – KBA-NotaSys, De La Rue, Sicpa және Crane Currency компанияларымен бірлесіп істелген жұмыстың арқасында қол жеткізілді. Бұл ескерткіш банкнот бүкіл түркі халықтарына арналған құрмет және қазіргі өскелең ұрпаққа өзінің тарихи төркіні туралы жақсы білім мен үлгі берерлік түркі өркениетінің айбынын айғақтайтын ескерткіш болып табылады. Банкнот 10 миллион дана болып, шектеулі таралыммен 2013 жылғы 12 желтоқсанда айналысқа шығарылды. 

 

Халықаралық банкнот қоғамдастығы (IBNS) марапаттарының біздің еліміз үшін маңыздылығы жеңімпазды таңдаудың әрқашан қандай да болмасын банкнотты  алға шығаруға мүдделі емес адамдардың жүзеге асыруында және банкноттың дизайнын эстетикалық тұрғыдан қабылдауға, басып шығару сапасына және қолдан жасаудан қорғаудың қолданылған тәсілдеріне ғана негізделеді.

 

Барынша жан-жақты ақпаратты мынадай телефондар бойынша алуға болады:                  +7 (727) 270- 46- 39. E-mail: press@nationalbank.kz,   www.nationalbank.kz 

2866 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы