• Қаржы
  • 20 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның қызметі туралы

2014 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Орталық филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан респуликасының ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Отырыста Комиссияның мүшелерімен қатар «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «Даму» КДҚ» АҚ Басқармаларының Төрағалары Бишімбаев Қ.У. және Ибрагимова Л.Е. қатысты, олар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-қимылдар жоспары (бұдан әрі – Бірлескен іс-қимылдар жоспары) шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген ақшаны игеру барысы туралы хабардар етті.

 

Атап айтқанда, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың ұсынған  ақпаратына  сәйкес Бірлескен іс-қимылдар жоспарын  орындау  шеңберінде «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ облигацияларды шығаруды жүзеге асырды және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен  облигациялық  қарыз шарты  жасалды, ол бойынша 100 млрд. теңге  мөлшеріндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық  қорының  қаражаты  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-тың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі  арнайы  шотына аударылды. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ алған  қаражат жасалған  кредиттік шарт шеңберінде  «Даму» КДҚ» АҚ-тың арнайы  шотына  аударылды.

 

«Даму» КДҚ» АҚ-тың  2014 жылғы  13 мамырдағы  жағдай бойынша  ақпараты негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық  қорының  қаражаты жасалған кредиттік келісімдер шеңберінде өңдеу өнеркәсібіндегі шағын  және  орта кәсіпкерлік субъектілерін – түпкі қарыз алушыларын кейіннен қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктердің арнайы шоттары  бойынша бөлінді.

 

 

 

Банктің атауы

млрд. теңге

1

«Казкоммерцбанк» АҚ

             20,0 

2

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

             20,0 

3

«Сбербанк России» АҚ ЕБ

               6,0 

4

«Банк ЦентрКредит» АҚ

               8,0 

5

«Цеснабанк» АҚ

             20,0 

6

«АТФБанк» АҚ

               7,0 

7

«Еуразиялық Банк» АҚ

               3,0 

8

«Темірбанк» АҚ

               7,0 

9

«Нұрбанк» АҚ

               2,0 

10

«Bank RBK» АҚ

               2,0 

11

«Delta Bank» АҚ

               1,0 

12

«AsiaCredit Bank» АҚ

               2,0 

13

«Қазинвестбанк» АҚ

               2,0 

 

ЖИЫНТЫҒЫ:

           100,0   

 

 

 

Екінші деңгейдегі банктер 2014 жылғы 13 мамырдағы жағдай бойынша жалпы сомасы 1 245,4 млн. теңгедегі 7 жобаны мақұлдады және 8,0 млн. теңге сомасындағы 1 жобаны қаржыландырды.

 

Комиссия отырысының барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі арнайы шоттарды пайдалану, екінші деңгейдегі банктердің жаңа кредиттеу мен қайта қаржыландырудың арақатынасын сақтау, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын шетел валютасын сатып алу үшін пайдалануға тыйым салу, бұрын берілген қарыздарды өтеу есебінен босайтын қаражатты пайдалану тәртібі мәселелер талқыланды.

 

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және «Даму» КДҚ» АҚ арасында өзара түсіністік туралы меморандумды жасас туралы шешім қабылданды.

 

 

 

Анықтама

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының Өкіміне сәйкес 2014 жылғы 18 сәуірде құрылды.

 

Көрсетілген жұмыс тобының құрамына Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнің (қаржы полициясының), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің басшылары, ҚР Президентінің көмекшісі, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-тың өкілдері кіреді. Жұмыс тобын Ұлттық Банк Төрағасы Қ.Н. Келімбетов басқарады.

 

Комиссияның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың мақсатты, заңды және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ Бірлескен іс-қимылдар жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын инфрақұрылымдық және индустриалдық жобалардың іске асырылуына мониторинг және қаржылық бөлігіне аудит жүргізу болып табылады.

2100 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы