• Қаржы
  • 21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Келісімдерге қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және Еуропа Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚДБ) 1 млрд. АҚШ долл. жалпы сомаға бірқатар келісімдерге қол қойды. Келісімдер ЕҚДБ-ға Қазақстанда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне жергілікті валютамен кредиттер беруге мүмкіндік береді, сонымен қатар Қазақстан Республикасында жеке сектордың өсуіне ықпал етеді. Көрсетілген келісімдерге сәйкес ҚРҰБ 2014-2016 жж. ішінде ЕҚДБ-ны жалпы сомасы 400 млн. АҚШ долл. болатын РЕПО операциялары арқылы, сондай-ақ жалпы сомасы 600 млн. АҚШ долл. болатын валюталық своп операциялары арқылы қорландырумен қамтамасыз етеді.

 

Келісімдерде көзделген қорландыру нәтижесінде ЕҚДБ кіріс бөлігі шетел валютасымен қалыптастырылмайтын компанияларға ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсына алады. Осылайша, корпоративтік сектор және ШОБ секторы алдында өзіне валюта бағамының құбылуына байланысты тәуекелдер ауыртпалығын жүктемей, ұлттық валютамен қаржыландыруға тұрақты қолжетімділік ашылады.

 

Келісімдерге Астана Экономикалық Форумы барысында ҚРҰБ Төрағасы Қ. Келімбетов және ЕҚДБ Басқарушы Директоры О. Декамп қол қойды.

 

ҚРҰБ Төрағасы Қ. Келімбетовтің айтуынша, «бүгінгі келісімдердің нәтижесінде, ЕҚДБ Қазақстан банктерімен, банктік емес ұйымдармен және корпоративтік клиенттермен жобаларға арналған кредиттеу көлемін ұлғайта алады. Бұл әсіресе валюталық тәуекелден қорғауға мұқтаж микрокредиттеу мақсаттары және ШОБ үшін айрықша маңызды болады».

 

            ЕҚДБ аса ірі халықаралық қаржылық даму институттарының бірі болып табылады. Ол Қазақстанмен экономиканың түрлі секторларында, оның ішінде қаржы, өндіру, телекоммуникация, өнеркәсіп, энергетика, көлік, муниципалдық қызмет көрсетулер және инфрақұрылым сияқты секторларда ынтымақтастық жасайды. ЕҚДБ өзінің Қазақстандағы қызметін жүзеге асырғаннан бері ел экономикасына шамамен 6,5 млрд. АҚШ долл. инвестициялады.

 

         Неғұрлым жан-жақты ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады: +7 (727) 270-46-39, E-mail: press@nationalbank.kz

 

 

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі

1978 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы