• Мәдениет & Спорт
  • 21 Мамыр, 2014

Ерліктің, еркіндіктің туы – Абылай

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы маңызды бағыт – қазақстандық патриотизм.

 Осы бағытта Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Г.Ә.Сәрсенбекова мұрындық еткен  «Ғибраты мол тұлға» атты жоба  биылғы оқу жылында да жалғасын табуда. 
Жуырда Ө. Байқоңыров атындағы Тау-кен және металлургия институтының, мұнай және газ машиналары мен жабдықтары  мамандағының 2-курс 5В072400-12-2қ тобы студенттері арасында даңқты қолбасшы, үш жүздің басын біріктіруші хан Абылайды еске алуға арналған «Ерліктің, еркіндіктің туы – Абылай!» атты ашық эдвайзерлік сағат өткізілді.
Эдвайзерлік сағаттың мақсаты – «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің» – демекші, туған жердің тарихын, соның ішінде Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету; Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу; студенттердің белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық-ізденімпаздық қасиетін арттыру.  

Ерліктің, еркіндіктің  туы – Абылай
«Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз» дегендей, өз Отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, «Бабалар ерлігі – ұрпаққа үлгі», – деп айтып студенттерді өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.
Ашық сабақ барысында ел көсемінің өмірі мен ел үшін жасаған ерліктері баяндалды. Сондай-ақ кешке арқау болған хан Абылайдың үш жүздің басын қосып жауға аттанардағы сәтін студенттер көрініс түрінде жеткізді. Сонымен қатар, күйші-термеші студенттердің орындауындағы «Адай» күйі мен «Біздің елдің жігіттері» әндері көрермендерге жақсы әсер қалдырғаны сөзсіз. Кеш соңы «Көшпенділер» кинофильміндегі хан Абылайдың рухты сөзімен аяқталды. 
Ашық эдвайзерлік сағатқа шақырылған тәрбие бөлімінің бас маманы С.Р.Жақанова қорытынды сөз сөйлеп, эдвайзерлік сағаттың жоғары деңгейде өткенін, осындай эдвайзерлік сағаттар студенттерді белгілі тұлғаға қарап бой түзеуге тигізер ықпалы зор екендігін айтып, топтың студенттеріне белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді. 

Тілепбай ҚУАНДЫҚОВ,
Қ.И. Сәтбаев атындағы 
Қазақ ұлттық 
техникалық университетінің 
эдвайзері

2058 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы