• Бизнес & Қоғам
  • 21 Мамыр, 2014

Көлеңкелі экономикадан шығудың тиімді жолдары

Ақшаны заңдастыру Қазақстанда 2014-2015 жылдары жүргізілетін болады. Бұл туралы бұдан бұрын республика Үкіметінің премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім еткен-ді.

Ұсынылып отырған заңдастыру процедурасы бойынша ақша ЕДБ-де ашылған арнайы және жинақ есепшоттарына  аударылады. Азаматтар одан әрі заңдастыру құралдарын өз таңдаулары бойынша айқындай алады. Егерде азамат заңдастырылған ақшаны жоғарыда көрсетілген инвестициялау механизмімен пайдаланғысы келмесе, онда ол өз ақшасын депозиттен өз қалауы бойынша қайтарып алуына құқылы. Ондай ақшадан төлеу кезінде  ЕДБ заңдастырылған  ақшаның 10 пайыз мөлшердегі алымын  ұстап қалады. Қаржы министрінің айтуынша, осы жолғы заңдастыру барысында 2006-2007 жылдары болған заңдастыруға қарағанда, анағұрлым үлкен сомадағы ақшаны көлеңкеден алып шығу жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда, бұл жолы 10-12 млрд. доллар күтілетін болады.

Көлеңкелі экономикадан  шығудың тиімді жолдарыКөлеңкелі экономикадан  шығудың тиімді жолдары
Бұдан бұрын Қазақстан Президенті Н.Назарбаев маусым айына дейін ақшаға рақымшылық жасау туралы заң жобасын әзірлеуді тиісті орындарға тапсырған болатын. Бұл шара сарапшылардың айтуынша, бірінші кезең болып табылады. Оның соңы жалпы халықтың жұмсаған шығындарын декларациялауға ұласады. Осы шара біздің экономикамыздың біраз бөлігін көлеңкеден алып шығуға көмектеседі және де бізді дамыған елдер экономикасының деңгейіне тым жақындата түсетін болады.

Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ

1415 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы