• Қаржы
  • 22 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі VII Астана экономикалық форумының және II Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы конференцияның шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы мен Теңге сарайы өнімінің көрмесін өткізеді

2014 жылғы 21 – 23 мамыр аралығында Астана қаласында VII Астана экономикалық форумының және II Дүниежүзілік Дағдарысқа қарсы конференцияның шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің коллекциялық және инвестициялық монеталарын көрсету және сату өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің коллекциялық монеталары шын мәнінде экспортқа бағдарланған өнім болып саналады. Жоғары дайындалу сапасы және бірқатар сәтті дизайн ел ішінде, сол сияқты одан тыс жерлерде коллекционерлер арасында шынайы қызығушылық туғызады. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, қазақстандық коллекциялық монеталарды өндіру және дизайны сапасы әлемде ең үздіктердің қатарында. Бұған беделді халықаралық конкурстардағы көптеген жеңістер дәлел (15 түрлі номинация).

 

Сонымен қатар көрмеге шығарылатын өнімнің және өз кәсіпорындарының технологиялық мүмкіндіктерін көрсететін Ұлттық Банктің еншілес ұйымдары – «Қазақстан Банкнот фабрикасы» РМК және «Қазақстан теңге сарайы» РМК қатысуда.

 

Бұл іс-шараның шеңберінде алғаш рет Қазақстан Банкнот фабрикасы банкнот өнімінің және қорғалған полиграфиялық өнімнің технологиялық үлгілерін, сондай-ақ түркі жазба ескерткішіне арналған «Күлтегін» ескерткіш банкнотын ұсынды.

 

2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі кезекті рет «Жылдың ең үздік банкноты» номинациясында марапат алғаны белгілі. Бұл марапатты ағымдағы жылғы мамырда Халықаралық банкнот қоғамдастығы (International Bank Note Society) «2013 жылғы ең үздік банкнот» номинациясында түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1 000 теңгелік «Kүлтегін» ескерткіш банкнотына берді.

 

Халықаралық банкнот қоғамдастығының алғашқы «2011 жылғы ең үздік банкнот» марапаты 2012 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 000 теңгелік ескерткіш банкнотына берілген болатын. Келесі жылы да Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үздік атанды, оның «Қазақ Елі» сериясынан номиналы 5 000 теңгелік банкноты екінші «2012 жылғы ең үздік банкнот» марапатын иеленді.

 

Түркі жазба ескерткішіне арналған, номиналы 1 000 теңгелік «Kүлтегін» ескерткіш банкнотына берілген үшінші «2013 жылғы ең үздік банкнот» марапаты тәуелсіз Қазақстан жылнамасындағы тарихи маңызы бар сәт болып табылады, себебі осы кезге дейін бірде-бір елдің ұлттық валютасы үш марапат алып көрген емес.

 

            Көрме өтетін мекенжай және орын: Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 52. Тәуелсіздік сарайы. Орталық фойенің сол қанаты, КА – 5  секциясы.

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

 

Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және

 

қоғамдық байланыстар департаменті

 

Тел.: 8 (727) 270-46-39

 

e-mail: press@nationalbank.kz

570 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы