• Ақпарат
  • 26 Мамыр, 2014

Интеграция ел экономикасын еселемек

Еуразиялық-экономикалық одақ отандық өнімнің үлкен нарыққа шығуына мүмкіндік ашады.

Сондықтан Алматы облысындағы ірі кәсіпорындар инновациялық-технологияларды енгізіп, өнідірістік-қарқындарын екі-үш есеге арттырды. Солардың бірі – Еңбекшіқазақ ауданындағы көкеніс өңдейтін зауыт. «Үдемелі-индустриялық инновациялық дамыту» бағдарламасы бойынша салынған зауыт бүгінде өз еліміз бен Ресейге қызанақ томаты мен алма шырынын үздіксіз экспорттап келеді. Ал болашақта экономикалық интеграция бойынша жұмыс жасайтын елдерге жіберілетін өнім көлемі қазіргіден бірнеше есеге артарына сенімді. Биыл 400 гектар жерге қызанақ егілді. Жас өскіндердің бәрі – итальяндық. Сондықтан сол елдің технологиясы қолданылды. Ал егістік тамшылатып суарылады. Қызанақтың тез бой көтеруі үшін де ерекше әдіс қолданылады. Жас көшетті топыраққа отырғызбас бұрын түрлі минералдарға байытып алады. Жылыжайларда тамырланған жас өскіндер көтерілген соң, алқапқа егіледі.

Петр Мельничук, агроном:

- Вермекулит – жас көшеттің тез өсуі мен қорек алмасуына және оның тез түзілуіне көмектеседі. Бұл технология қызанақтың тез өсуіне және өнімділіктің жоғары болуына әсер етеді. Жас көшет жылдам сабақтанса, оның шығыны да аз болады.

Жаңа технолгияның арқасында өнімнің көлемі 5 есеге артқан. Мәселен былтыр бір гектардан 80 центнер қызанақ жиналған. Ал соңғы 4 жылдан бері жиналған өнім 100 пайыз зауыттың өзінде өңделеді. Кәсіпорынның тәулігіне 1 мың тонна көкөністің көп түрін өңдейтін қуаты бар. Өнімнің тең жартысы Ресейге экспортталады. Енді экономикалық интеграциялық елдерге тек алма шырыны мен қызанақ томатын емес, басқа да өңделген көкөніс сусындарын жіберуге дайын.

Бақыт Болысбаев, зауыттың атқарушы директоры:

- Бүгінде бізге Кедендік одақ елдердің нарығына шығу оңай. Қазақстаннан тауарлар тасымалдаудың барлық жолы ашылды. Сондықтан біз қазір Ресей мен Беларуська жөнелтілетін өнімдеріміздің түрі мен көлемін көбейтіп жатырмыз.

Сұранысқа сай ұсыныс. Сондықтан кәсіпорын да ауқымын кеңейтіп келеді. Биыл тағы бір өндірістік жүйені іске қоспақ. Нәтижесінде өнімнің көлемі мен түрі көбеймек.

Зухра Қалиахмет, технолог–зертханашы:

- Зауыттың құрамында жаңа цех салынып жатыр. Онда 850, 400, 250 грамдық темір қалбырларда қызанақ томаты шығарылады. Бұған қоса Италиядан мамандар келмек.

Жалпы Еңбекшіқазақ ауданында 4 ірі кәсіпорын бар. Өнімдерін ішкі нарықта ғана емес, интеграция бойынша шетке шығарудың пайдасы зор екенін түсінді. Сондықтан өндірісті бірітіндеп инновациялық жолға қойып жатыр.

 

1001 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы