- Бизнес & Қоғам
- 27 Мамыр, 2014
Жаһандану өзгерістері жағдайындағы Қазақстан экономикасы
2014 жылдың мамыр айының 30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтында белгілі ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы, профессор М.Б.Кенжегузиннің 75-жылдығына арналған «Жаһандану өзгерістері жағдайындағы Қазақстан экономикасы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференцияда Қазақстан экономикасының әлемдік экономикалық жүйенің өзгеру жағдайындағы проблемалары мен болашақтағы дамуының мына мәселелері талқыланады:
- Экономикалық кеңістік пен институционалдық ортаны модернизациялаудың болашақтағы мәселелері.
- Макроэкономикалық саясат пен мемлекеттік басқарудың мәселелері.
- Ұлттық экономиканың әлеуметтік әлеуеті мен адам ресурстары.
- Ғылыми қамтымды экономика және иновациялық кластерлер.
Конференция барысында профессор М.Б.Кенжегузиннің еңбектері жинағының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Конференцияға белгілі ғалым-экономистер мен мамандар, ЖОО қызметкерлері, мемлекеттік органдарының, бизнестің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Мекен жайымыз: Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 29, ҚР ҒБМ ҒК Экономика институтының конференц-залы. (Басталуы сағ.10.00)
|
Байланысу үшін: +7 (727) 272-73-80; +7 (727) 272-77-13 +7 747 367 11 06
e-mail: office@ieconom.kz

1864 рет
көрсетілді0
пікір