- Бизнес & Қоғам
- 27 Мамыр, 2014
Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарындағы жұмыс күшінің қозғалысы туралы

Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарындағы жұмыс күшінің қозғалысы туралы
Ағымдағы жылғы сәуірде деректерге сәйкес ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 84,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 77,9 мың адам жұмыстан кетті. Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 84,3%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 3,0%, басқа себептер бойынша – 12,7% құрайды.
Ағымдағы жылғы сәуірде қабылдау бойынша айналым коэффициенты 2,6%, жұмыстан босату бойынша айналым – 2,4%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 2,0% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 108,2% құрады.
Қабылдау бойынша айналым коэффициенті – бұл есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қабылданғандар санына қатынасы.
Босатылу бойынша айналым коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкер-лердің тізімдік санына орташа осы кезеңге босатылғандар санына қатынасы.
Жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге тұрақсыздық себептері бойынша босатылған қызметкерлердің арақатынасымен анықталады. Тұрақсыздық себептеріне еңбек тəртібін (себепсіз кешігу) бұзуына байланысты жəне өз еріктері бойынша босатылғандар жатады.
Жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті – босатылған қызметкерлердің санына қабылданған қызметкерлер санының қатынасымен сипатталады, яғни босатылған қызметкерлердің қайта қабылданған кадрлармен ауыстырылуы.
Динара ӘЛІМОВА,
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің баспасөз қызметі

1349 рет
көрсетілді0
пікір